Марапат керек болса, 25 мың төлеңіз: Дарынды оқушылар олимпиадасынан шу шықты

Әлеуметтік желілерде «Дарынды 1000 бала» республикалық дарынды оқушылар байқауына қатысты шу шықты. Ұйымдастырушылар байқаудың екінші кезеңіне жолдама алған балалардан 25 мың теңге жарна талап еткен.Қаражат аударғандарға «Қазақстан дарыны» атты төсбелгіше, төсебелгішені куәландыратын куәлік, республикалық I, II, III дәрежелі диплом, оқушының жетекшісіне және ата-анасына қолдау көрсеткені үшін алғыс хат беріледі деп жазылған. Бұған Астана қаласында өтетін марапаттау кешіне еліміздің шалғай ауылдарынан келетін балалардың жол ақысын қосыңыз. Түптеп келгенде, ақшасы барлар төсбелгі тағады, қаражаты жоқтар марапаттан қағылады деген сөз.Осыған орай Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі агенттік тілшісіне ресми жауап берді. Оған сенсек, бүгінде елімізде ресми түрде ауыл оқушыларына арналған мынадай олимпиадалар бар: -ауыл мектептерінің 9-11(12) сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада -ауыл мектептеріне арналған «Мың бала» ұлттық зияткерлік олимпиадасы IQanat Олимпиадасы. — Бұл олимпиадалар тегін. Аталған ауыл оқушылары арасындағы «Дарынды 1000 бала» олимпиадасы № 514 бұйрыққа енбеген және ресми іс-шара емес екенін хабарлаймыз. Облыстық білім басқармаларына мұғалімдер мен ата-аналарға түсіндіру жұмысын жүргізу тапсырылды. Сондай-ақ, «Дарын» РҒПО осы компанияның алдағы қызметі туралы құқық қорғау органдарына хабарласып, тиісті шара қабылдайтын болады, — делінген ресми ақпаратта.Соңғы кезде білім саласында осындай ақылы байқаулар қаптап кеткені жасырын емес. Ақша аударғандардың барлығы жүлдесіз қалмай, электронды алғыс хаттар жолданады. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Красавчик брат". Қазақ боксшыларының биі әлеуметтік желіні "жарды" (ВИДЕО)
Су ресурстары министрлігі сынақтан өткізген препарат 37%-ға дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді
Мұхтар Мағауин өмірден өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады
Алматыда полиция есірткіге қарсы әлеуметтік жарнаманы шығарды
Криштиану Роналду 2026 жылғы Әлем чемпионатына қатысты жауап берді
Криштиану Роналду: Еурода ойнағым келеді
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері өзгерді
Калифорниядағы Болашақ стипендиаттары қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды
Президент әлемге белгілі кәсіпкер және жасанды интеллект саласындағы сарапшы Ли Кай-Фуды қабылдады
Комментарийдің жазасы
Тоқаев Мағауиннің отбасына көңіл айтты
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі