"Марапат үшін емес, адам өмірі үшін басымды бәйгеге тігемін", - өрт сөндіруші

Павлодарда өрт сөндіруші жанып жатқан үйден 8 жасар баланы құтқарып қалды. Оқиға өткен жылдың жазында болған. 8-ші қабаттағы пәтерден өрт шыққан. Жедел жеткен құтқарушылар есікті бұзып, баланы аман алып қалды. Өрт өтінде жүрген төтеншелікпен тілшіміз тілдесті. Дастан Сүлейменов – 32 жаста. Павлодар қаласындағы №3 өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі. Бұл салада 5 жылдан бері қызмет етуде. Ол өткен жылы қызыл жалынға оранған пәтерден 8 жастағы баланы құтқарып қалды. Өрт шыққан сәтте бала үйде жалғыз болыпты. Дастан СҮЛЕЙМЕНОВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ: Барған кезде әйнектен көк түтін шығып жатты. Біз аппарат киіп, бірден сегізінші қабатқа көтеріліп, есік жабық болды. Пәтердің ішінде кішкентай бала бар - деді бізге. Есікті бірден бұзып, ішіне кіріп барлау жасаған кезде ес түссіз жатқан баланы таптық. Бірден баланы көтеріп, баспалдақ арқылы түсіріп, медбикелерге бердік. Осылайша, бала өлім аузынан аман қалды. Құтқарушының бұл ерлігі елеусіз қалмады. Өткен жылы Ел Президенті «Ерлігі үшін» медалімен марапаттады. Алайда, өрт сөндіруші марапат үшін емес, адам өмірі үшін басын бәйгеге тіккенін айтады. Дастан СҮЛЕЙМЕНОВ, ӨРТ СӨНДІРУШІ: Өрт болған кезде өзің туралы ойлайтын уақыт жоқ. Өйткені, бірінші мақсатымыз адам құтқару. Жұмыстың қауіптілігіне қарамастан, біз осы бөлімде бәріміз бір отбасы секілдіміз. Бәрі бір-бірімізге көмек көрсетіп, бағдар береміз. Бір-бірімізді қолдаймыз. Дастан Сүлейменов - жұбайы екеуі 3 бала өсіріп отыр. Үлкені 7-де ал кішісі 1-ге толды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шығыс өңірдің әскерилері қазақ күресінен сынға түсті
Ақтаудағы ұшақ апаты: Көлік министрлігі мәлімдеме жасады
Ақтөбеде отбасылық жанжалдан кейін ер адам суицид жасамақ болды (ВИДЕО)
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
Түркістан облысында мемлекеттік нөмірдегі сүлгі үшін жүргізуші куәлігінен айрылды
Алматыда әнші Ермек Серкебаевтың ескерткіші ашылды
Жітіқарадағы өрт: Қайтыс болған 5 баланың анасы сотталды
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Қазақстан мен Ресей жоғары мемлекеттік аудит органдарының басшылары кездесті
Көмек қажет: Алматы Ботаникалық бағы қазақстандықтарға үндеу жасады