Марат Ахметжанов Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды.«Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұратұлы Ахметжанов Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі лауазымынан босатылды», - делінген хабарламада. Ол Ішкі істер министрі лауазымына 2022 жылдың 25 ақпанында тағайындалған болатын.