Мароккода үш күндік қаралы күн жарияланды

Мароккода күшті жер сілкінісі салдарынан 2 мыңнан астам адам қаза тапқаннан кейін елде үш күндік қаралы күн жарияланды.Euronews хабарлауынша, табиғи апаттан зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкін. Қазіргі кезде үйінділерді аршу жұмыстар жалғасып жатыр. Елдің король сарайынан хабарлағандай, ту үш күн бойы жартылай төмен түсіріледі. Жексенбіге қарай құтқарушылар ең көп зардап шеккен аудандарға жетті, ал тау баурайындағы бірқатар елдімекен мүлдем байланыссыз қалды. Үш күндік қаралы күн жариялаған елге дүниежүзінің көптеген елі өз көмегін ұсынып жатыр, оның ішінде бұрыннан жалғасып келе жатқан аумақтық дауға және дипломатиялық байланыстардың үзілгеніне қарамастан, Алжир де гуманитарлық ұшақтар үшін өз әуе кеңістігін ашуға уәде берді. Еске салайық, Марокконың Марракеш қаласында 9 қыркүйекке қараған түні болған 7 балдық жер сілкінісі ел тарихындағы соңғы ғасырдағы ең ірі жер сілкінісі болып тіркелді. Зілзаладан қаза тапқандар саны 2 122, жараланғандар саны 2 420-ға жетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Неге биыл Тәуелсіздік күніне орай 17 желтоқсанда демалмаймыз?
Елімізде жыл басынан бері қанша адам жұмысқа орналасты
“Есірткі тастап кетемін“. Сот көршілердің жанжалы бойынша шешім шығарды: 13 желтоқсан 2024, 12:05 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді
Шетелдік туристерге Қазақстанның тәтті кәдесыйлары табысталады
Берік Асылов Мароккоға барып мәселе шешіп келді
Қазақстандағы қайырымдылық: сенім дағдарысынан қалай шығамыз?
Жазушылар одағының 90 жылдығы: әдебиет пен руханияттың дамуына үлес қосқандар марапатталды
Жазушылар одағының 90 жылдығы: түркі әлемінің рухани бірлігі мерейтойда дәріптелді
Қоғамдағы тұрақтылықтың қозғаушы күші
Қазақстан мен Қытай шекарасы екі күнге жабылады
Жазушылар одағы – руханиятымыздың алтын діңгегі
Тәуелсіздік таңы атқан күн