"Мас күйінде адам қағып, Қазақстанға қашып кеткен". Әнші Ерлан Көкеевті Түркия тұрғыны іздестіріп жатыр

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай әнші, "АБК" тобының экс-мүшесі Ерлан Көкеевті Аланияда іздеп жатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz.Оның айтуынша, бұл оқиға туралы 26 жылдан бері Түркияда  жылжымайтын мүлік сатып, жалға көлік берумен айналысатын жергілікті тұрғын Лера баяндап берген."Лераның айтуынша, теңіз жағалауындағы шаһарға қазақстандық әншілер келген кезде жарнамалық ұсыныспен Көкеевпен танысқан. Қасында жұбайы, жанында 5-6 баласы бар болғандықтан, үлгілі әке ретінде көрген. Былтыр әнші Лерадан жалға көлік алады. Отбасы, бала-шағасымен бір шараға барып, мас күйінде мото жүргізушіні қағып кетеді. Есі шыққан Ерлан Лерадан көмек сұрайды. Лера таныстарын әкеліп, сақтандыру төлеп, Ерекеңді кепілге шығарып алады. Жапа шеккен Түркия азаматы, жас жігіт ауыр жағдайда ауруханаға жеткізіледі. Бәрібір денсаулығы оңалмай, қазір мүгедек болып қалған", - деп жазды журналист.Түркия заңы бойынша, жол-көлік оқиғасының барлық шығынын рульдегі жүргізуші емес, көлік рәсімделген иесі көтеруі тиіс болған."Лераның айтуынша, көлік пен медициналық сақтандыру, кепіл ақысы мен сот отырысының шығыны 34мың € болған. Оны өтегенше Ерлан мен әйелі жанымнан шықпай, өлердегі сөздерін айтып, арашалауын өтінген. Алғашқы шығындарды өтеген соң Көкеев көлеңкесін көрсетпей кеткен. Кейін Лераның нөмірін бұғаттап, Қазақстанға кетіп қалған. Қазір бүкіл Алания АБК-нің экс әншісін шарқ ұрып іздеп жүр. Ерлан Көкеевке 2-3 рет хабарластым. Көмекшісі алып, жол-көлік оқиғасы туралы білмейтінін айтты. Ал әншінің өзі үнсіз", - деп жазды журналист.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Өзбекстандық «Сәлім-байбатша» бостандыққа шықты - БАҚ
«Жүгіру – ауруға қарысы ем»: Астанада үлкен жарыс өтті
Лос-Анджелестегі өрт. Кімдердің үйі күлге айналды?
Әнипа Назарбаеваны сотқа берді
Доллар қымбаттады
Алматыда «НаркоСтоп» жобасының 2024 жылғы нәтижелері туралы айтылды
Қазақстандықтар салық органдарынан хабарламалар ала бастады
Қазақстан Иран мен Әзірбайжанға астық жеткізуді қайта бастады
Түнде тыныштықты бұзғандар қанша айыппұл төлейді?
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
Бокстан әйелдер құрамасы Олимпиада ойындарына дайындықты бастады
Студенттердің шәкіртақысы екі есе өседі
Елімізде XXI Халықаралық Жәутіков олимпиадасы басталады
Алматының туризм саласынан түскен салық түсімдері 2 есеге артты
Алматыда бір тоннадан астам есірткі тәркіленіп, 23 есірткі зертханасы таратылды
Бір жылда 85 мыңнан астам мектеп оқушысы Алматы музейлерін тегін аралады: бастама білім беру барысына қалай әсер етеді?
Алматы музейлері үшін рекордты жыл: 300 мыңнан астам келуші, 85 млн теңге табыс және ТҮРКСОЙ-дан марапат
Алматы мұражайлары: шетелде оқу, жалақының көтерілуі және қызметкерлерге арналған қолжетімді баспана
Іздеуде жүрген қазақстандық Ресейде ұсталды
Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі әзірленді
100-ден астам алматылықтар шағын бизнесті дамытуға жылдық 2%-дық  және 6-дық жеңілдетілген  мөлшерлемемен несие алды
Санитариялық авиация ауылдық жерлерге 1488 рет ұшты
“Қазақмыс“ Сәтбаевта қара қар мәселесін шеше алмай отыр
Арал теңізінде судың көлемі 42 пайызға артты