Мас күйінде автобус жүргізді

26 сәуірде сағат 07.00 шамасында Павлодар қаласының Қамзин – Теплов көшесінде Павлодар қаласының ПБ патрульдік полиция батальонының полицейлері ақырын жүріп келе жатқан автобусты тоқтатқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.Әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Медициналық куәландыру 40 жастағы жүргізушінің мас күйінде көлік жүргізгенін растады. Автобуста жолаушылар болған жоқ. Осы факті бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлімі бойынша әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, жүргізуші 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды. Автокөлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды, – деді Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Айдар Сламбеков.Тәртіп сақшысы жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын автобус жүргізушілері өздері тасымалдайтын жолаушылардың қауіпсіздігі үшін үлкен жауапкершілікке ие екенін еске салды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері автокөлік кәсіпорындарының жүргізушілері мен лауазымды тұлғаларының қауіпсіз тасымалдаудың барлық қажетті нормалары мен шарттарын сақтауына бағытталған профилактикалық іс-шараларды үнемі жүргізеді. 26 сәуірден бастап Павлодар облысының аумағында “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Онда полицейлер автобустардың техникалық жай-күйін, жүргізушілердің рейс алдындағы медициналық тексерулерден өтуін, тіркеу құжаттарының болуын тексереді. Павлодар қаласының полиция басқармасы жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын ұйымдарға, кәсіпорындар мен мекемелерге автобус жүргізушілерінің қауіпсіз тасымалдауын қамтамасыз етуге ерекше назар аудару бойынша сақтық шараларын еске салады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда 17-23 наурыз аралығында ауа райы қандай болады
Шымкентте зейнеткерді ұрып, жоғарғы қабаттың терезесінен лақтырып жіберген
Шығыс Қазақстанда 11 аудан жаңартылған жұмыс кестесіне ауысты
943,6 мың гектар - Қазақстан Ресейге жалға берген Капустин Яр полигонының жерін қайтара алмай отыр
Алматыда бірқатар заңсыз коммерциялық нүктелер сүрілуде
Құрманғазы көшесіндегі уақытша шектеулер: Алматыда мердігер ұйым кепілдік міндеттемелері аясында жердің шөгуін реттейді
"Баянның соры болды деп жолыққан адам": Дана Нұржігіт Алагөзов туралы тосын жазба жариялады
Үкімет шетелдік маркадағы көліктерден бас тартты
30 миллиондық, 11 қабат торт - 12 жыл кешіккен блогердің тойы (Видео)
Алматы қалалық ҚАЖД мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы семинар өткізілді
"2,5 млн теңге бопсалаған": Таразда блогер ұсталды (Видео)
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында  кәсіптік бағдар берушілерге арналған семинар
Мешітте балаларға аяғын уқалатқан имамға қатысты ҚМДБ түсініктеме берді
Нариман Құрбанов Алматыдағы экологиялық жарысқа қолдау білдіріп, қала тұрғындарын тазалыққа шақырды
Украинаның қауіпсіздігі үшін Франция мен Ұлыбритания арнайы жоспар құруда
Алматыда кітаптарды тегін жеткізу қызметі іске қосылды
Қазақстан мал басын шетелге шығаруға тыйымды алты айға ұзартты
Қызғалдақ жұлсаңыз, қылмыстық жауапгершілікке тартыласыз - министрлік өкілі
Алматыда жаңа жастар театры салынады
АҚШ өкілдері Ресейге ұшып келе жатыр - Путиннің баспасөз хатшысы
Алматыда үстел теннисінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтеді
Алматы қаласының Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелерін іріктеу бойынша конкурс өткізу туралы хабарландыру
Елімізде аң-құстың 132 түрінің жоғалу қаупі бар
Байқаушылар тізімін калыптастыру бойынша іріктеу жүргізу туралы хабарландыру