Мәскеуде тапсырыспен алынған тағамнан 10-нан астам адам уланды

 Ресей Федерациясының Тергеу комитеті 10-нан астам адамның азық-түлік жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген өнімдерден улануына қатысты қылмыстық іс қозғады.Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. «14-15 маусым аралығында 10-нан астам адам тамақтан улану белгілерімен қалалық ауруханаларға медициналық көмекке жүгінген. Ресей ТК Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасына қарасты Солтүстік-Батыс әкімшілік округі бойынша Тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексінің 238-бабымен (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін қызметтерді көрсету) қарастырылған қылмыстық іс қозғады», - деді ол.Тергеушілер өнім сатылатын орындарда тінту жүргізіп, куәгерлер мен жәбірленушілерден жауап алуда. Тергеу комитеті Роспотребнадзормен бірге өнім шығаратын ұйымдардың құжаттарын тексеруде. Олардың сапасы бағаланады.Мәскеулік Роспотребнадзордың нақтылауынша, зардап шеккендер «Локалкитчен» («Аудандағы ас үй») ЖШС-нен лобио және «Гастропорт» ЖШС-нен тунец, үрмебұршақ және алма қосылған салатқа тапсырыс берген. Ведомство олардың сатылуын санитарлық-эпидемиологиялық тексеру аяқталғанша тоқтатты.Қалалық прокуратура 18 бен 60 жас аралығындағы адамдардың уланғанын қосып өтті. Прокурорлар эпидемиологиялық тергеу мен қылмыстық істің барысын бақылауға алды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
“Алып ақ теңіз сегізаяғы“ ұсталғаны рас па?
«Тоттенхэм» – «Ливерпуль» матчына болжам (АПЛ, 22 желтоқсан 2024 жыл)
Алматыда жолды жауып намаз оқығандар жауапқа тартылды (ВИДЕО)
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Сақтық – саналы әрекет
«Мазақ еткендей»: Желіде ШҚО-да орнатылған шырша халықтың ашуын туғызды (ВИДЕО)
Ақтауда жол бойында билеген қымбат көлік жүргізушілеріне айыппұл салынды
Семейде жаңажылдық шыршаны безендірген мұғалім биіктен құлады
Астанада қар күреуге 2,6 мыңнан астам жұмысшы шықты