Депутаттар енді әлеуметтік желіде белсенді болады. Ғаламтор арқылы тұрғындардың шағымын тыңдап, кері байланыс жасайды. Осы арқылы халықты алаңдатқан мәселелерге жедел жауап береді. Қазір бұл міндетті толық орындау үшін Шымкенттік мәслихат депутаттары арнайы білім алып жатыр. Екі күндік дәрісті «AMANAT» партиясының Саяси менеджмент академиясы ұйымдастырған. Семинардың алғашқы күнінде контент жоспар құру, аудитория жинау, негативпен жұмыс істеу және жеке бренд қалыптастыру бойынша дәріс оқылды. Тәжірибелерімен бөлісті. Мұратәлі ҚАЛМҰРАТОВ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Әлеуметтік желіде біз қолданып жүрміз ғой, бірақта ол жерде біз білмейтініміз көп екен. Бүгінгі осы семинарың арқасында көп нәрсені үйреніп жатырмыз. Бұл партия тарапынан ұйымдастырылып жатқан дүние өте жақсы дүние екендігін біз айтуымыз қажет. Депутат болғандықтан осы дүниелердің барлығы бізге өте қажет. Жұмысымызда қолданып, халыққа жақын , етене жақын жұмыс жасап, билік пен халықтың арасындағы алтын көпір болуға біз атсалысатын боламыз.