ҚР Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, бір мандатты округтер бойынша барлық деңгейдегі мәслихат депутаттығына 12 мыңға жуық адам, партиялық тізім бойынша тағы 1,5 мыңға жуық адам ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz.ҚР ОСК төрағасының орынбасары Константин Петровтың айтуынша, Қазақстанда барлық деңгейдегі 223 мәслихат бар, олардың 3415 мандаты бар: 668 - облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың 20 мәслихатында; 617 – қалалық мәслихаттарда; 2130 – аудандық мәслихаттарда. Ол облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының жартысы партиялық тізім бойынша, жартысы бір мандатты округтерден сайланатынын атап өтті. Қалалық және аудандық мәслихаттар деңгейінде барлық депутаттар тек мажоритарлық округтер бойынша ғана сайланады. Сондай-ақ, Константин Петровтың айтуынша, "Ақжол" партиясы барлық өңір бойынша 200, Amanat партиясы барлық өңірлер бойынша 699, "Ауыл" париясы барлық облыстар бойынша 136, "Байтақ" жасылдар партиясы 19 облыс бойынша 93 кандидат, ЖСДП партиялық тізімдер бойынша кандидаттар ұсынбады, Қазақстан Халық партиясы барлық облыстар бойынша 182 кандидат, Respublica партиясы барлық өңірлер бойынша 161 кандидат ұсынды. Барлық өңір бойынша мәслихат депутатын сайлауға барлығы 119 партиялық тізім ұсынылды, тізімде 1471 кандидат бар.