«Масс-медиа туралы» заң жобасы ұзақ уақыт өткеннен кейін сот қысымына ұшырауы мүмкін журналистердің құқығын қорғауға бағытталған. Мәдениет және ақпарат министрі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясында құжаттың басты тетіктерін түсіндіріп өтті. Яғни, ақпараттың жарияланғанына үш жылдан асып кетсе ешкім сотқа бере алмайды. Министрлік заң жобасы мемлекет мүддесін, қоғам сұранысын және медиа саласының даму тенденцияларын ескере отырып әзірленгенін айтты. Аида БАЛАЕВА, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРІ: Болашақ Заң ақпарат құралдарында жарияланған материалдарға шағым түсіру кезеңіне шек қоймайды. Десе де, БАҚ өкілдерімен ұзақ талқылау барысында, азаматтардың жеке мүліктік емес құқықтарының бұзылуына жол бермес үшін 3 жылдық шектеу мерзімін бекіткен дұрыс деп шешілді.