"Масс-медиа туралы" Заң Президенттің қол қоюына жолданды

Енді журналистті кез-келген уақытта дайындаған материалы үшін сотқа бере алмайды. Талап қою мерзімі бір жылға белгіленді. Бүгін сенат "Масс-медиа" туралы заңды мақұлдады. Жаңа заңға сәйкес, енді мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдарына да отандық контентті дамыту үшін гранттар беріледі. Бұдан өзге, осы «Масс-медиа» туралы заңнан «баспасөз картасы» мүлдем алынып тасталды. Себебі, бұл талап журналистерді алалайды, ақпаратты барлығына тең бермейді деп дау туғызған болатын. Енді, «баспасөз картасы» мүлдем болмайды. Құжатта теле, радиобағдарламалардағы мемлекеттік тілге де басымдық берілген. Айгүл ҚАПБАРОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:Мемлекеттік тілдегі теле, радиобағдарламалардың апта сайынғы көлемін 50% - дан 60% - ға дейін кезең-кезеңімен ұлғайту белгіленді.+ Отандық теле, радиоарналардағы шетелдік бағдарламалардың ретрансляциясын 20% - дан 10% - ға дейін азайту% белгіленді. Құжат масс-медиа саласындағы заңнаманы жүйелі түрде жетілдіруді көздейді. Негізгі заң арқылы масс-медиа қызметінің мақсаттары, қағидаттары мен міндеттері бекітілген. Сенат спикері Мәулен Әшімбаев заң - барлық мүдделі тараптың пікірін ескеретін сапалы жаңа құқықтық модель қалыптастырады деп сенім білдірді. Мәулен ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:Заңда БАҚ қызметін ұйымдастыру шарттары, журналистердің кепілдіктері, олардың азаматтармен және ұйымдармен өзара қарым-қатынасының негіздері де реттелді. Мемлекеттік тілдің мәртебесін нығайту мақсатымен отандық контентті дамытуға арналған ережелер де қарастырылған. Балалар мен мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қосымша қорғауға арналған нормалар да бар. Айта кетейік, жаңа заңда БАҚ сауалын қарау мерзімі 7 жұмыс күннен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылған. Ал «Бұқаралық ақпарат құралдары» сөзі «Масс-медиа» сөзіне ауыстырылды. Енді журналистерді «МАСС-МЕДИА» өкілдері деп атайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты
Ұлытауда 1,1 млрд теңгеге 2 құс фабрикасы салынады
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
“Ордабасыға” бас бапкер тағайындалды
Жемістердің кейбір түрлері қатерлі ісік ауруының өсуіне ықпал етуі мүмкін
Алматыда 1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан құбыр ауыстырылды
Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша, 2024 жылғы қарашада тұтыну бағалары 0,9% өскен
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді 
Боран соғып, көктайғақ болады
Апта басында елімізде валюта бағамы өзгерді
«Жапониядан 600 миллиард қарыз алдық»: Мақсат Толықбай Үкіметтің бюжетті жоспарлай алмай отырғанын айтты (ВИДЕО)
“90 жылдардағы бандит“. Атақты продюсер күйеуі жайлы ел білмейтін ақпаратты айтты
Жыл басынан бері әлеуметтік төлемдерге 633,4 млрд теңге төленген
Қазақстан өзбек азаматын Ресейден экстрадициялады
Елордада мұз айдыны мен сырғанақтары бар жаңа қоғамдық кеңістік ашылды
23 желтоқсандағы доллар, еуро және рубльдің бағамы жарияланды
Шырша безендірген мұғалім жарақат алды: Аймағамбетов бақылауды күшейтуді ұсынды
"Таза Қазақстан" экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Алматыда қылмыс жасаған өзбекстандық Ресейде ұсталды
Семейде шырша құру кезінде биіктен құлаған мұғалімнің жағдайы белгілі болды
Алматылықтарды 3,7 млрд теңгеге алдап соққан Өзбекстан азаматы экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасады деген күдікті Ресейден экстрадицияланды
Аса ірі алаяқтық жасаған күдікті Ресейден экстрадацияланды