Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мейрамымен құттықтады.«Құрметті достар!Баршаңызды Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!Наурыз – ізгілік, тазалық, жанашырлық сияқты маңызды құндылықтарды дәріптейтін көктем мерекесі. Жаңару мен жаңғырудың бастауы болған бұл мейрам – біздің төл жаңа жылымыз. Сондықтан халқымыз ежелден осы күнге ерекше мән беріп, Әз-Наурызды жақсылықтың, жарасымдылықтың және жасампаздықтың жаршысы ретінде дәріптеп келеді.Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен биыл елімізде Наурыз мейрамы жаңаша аталып өтіп жатыр. Арнайы Наурызнама онкүндігі жарияланып, көрісу, қайырымдылық, мәдениет және салт-дәстүр, шаңырақ, ұлттық киім, жаңару, ұлттық спорт, ынтымақ, жыл басы және тазару сияқты қоғамды ұйыстырар құндылықтарға баса мән берілуде.Мұндай қадам ұлттық бірегейлікті нығайту және мерекенің маңызы мен мазмұнын арттыру жолында айрықша мәнге ие. Алдағы уақытта бұл бастама игі дәстүрге айналып, халқымыздың тәрбие мен тағылымға табан тіреген озық ойлы ұлт болып қалыптасуына өз септігін тигізеді деп сенемін.Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, елімізге амандық пен тыныштық, әр шаңыраққа шаттық пен бақ-береке тілеймін!Ұлыс оң болсын!»,-деп жазды Сенат төрағасы өзінің Facebook парақшасында

Читать источник astanatv.kz/kz/
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Көкшетауда өзгелердің жоғалтып алған картасымен сауда-саттық жасағандар ұсталды
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық
Мұз қатып қалған көлік құлпын қалай ашуға болады
Маңғыстауда Тәуелсіздік күні қарсаңында 50-ден астам іс-шара ұйымдастырылады
Жүйрікте де жүйрік бар
Көктайғақ, тұман, бұрқасын: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды
Еңбеккерді қорғау – елдікті қолдау
Түркістанда 508 отбасы баспаналы болды
“Ұйқыны бұзатын тағамдар“. Қандай өнімнен бас тартқан дұрыс?
Ойланып алған несие орға жықпас
Қазақстан Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық жеткізді
Гүлмира Қобыландина, пластикалық хирург: Табиғилықтан ауытқығанда, сұлулық сөнеді
Алматы құтқарушылары техникалық қызмет көрсету станциясындағы өртті сөндірді