Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 29-30 маусым мен 1 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Синоптиктердің дерегінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, сондай-ақ екпінді жел соғуы мүмкін.1 шілде күні елдің батысында қатты жаңбыр, бұршақ жаууы мүмкін. Ал солтүстік пен Қазақстанның орталығында күн ашық болады деп болжануда.Одан бөлек, мамандар солтүстікте ауа температурасы +25...+30 градусқа дейін, орталықта +30...+35 градусқа дейін, оңтүстікте +33...+38 градусқа дейін, оңтүстік-шығыста +28...+33 градусқа дейін, шығыста +17...+25 градусқа дейін, батыста +25...+30 градусқа дейін, оңтүстік-батыста +33...+38 градусқа дейін көтерілуі мүмкін екенін айтты.