Майқайың кентінде төтенше жағдай жарияланды

Қатып қалған су құбырын жылыту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Асайын Байханов Майқайың кентіндегі диамтері 1020 миллиметр суық сумен жабдықтау құбырындағы ақауды жою бойынша жедел штабтың отырысын өткізді. 23 ақпанда Баянауыл ауданының әкімдігі ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссияның кезектен тыс отырысында Майқайың кентінің аумағында жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады. Жергілікті жерде жұмыстар жалғасуда. Барлығы 119 адам және 48 мамандандырылған техника жұмылдырылған. – Мамандар құбырдың әрбір учаскесінде қатып қалу мен ауаның болуын тексеруде. Мұндай учаскелер анықталған кезде құбырды бу генераторларымен жылыту жүргізілуде. Жекелеген учаскелерде құбырдың айналасындағы топырақты көмірмен және ағаш шпалдармен жылыту жүргізілуде,– деді облыс әкімдігінде. Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Тәулігіне орташа тұтыну көлемі 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәуліктік су қоры бар. Резервуар тұрақты түрде толтырылуда. Бұл жұмыстарға 10 техника жұмылдырылған. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары толық жойылғанға дейін үздіксіз жүргізілетін болады. Еске сала кетейік, 21 ақпанда Баянауыл ауданының Майқайың кентінде суық сумен жабдықтау құбырында ақау анықталды. Жағдайға байланысты жедел штаб ұйымдастырылған болатын.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты
Желі қолданушылары көкшетаулық полицейдің әрекетіне тәнті болды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Алматы маңында жер сілкінді
Елордада қауіпсіздік қалай қамтамасыз етіледі