Майқайыңда төтенше жағдай жарияланды. Ауылда төрт күннен бері су жоқ. Қатты аязда құбырдағы су қатып қалған. Салдарынан 10 мың тұрғыны бар елдімекен тіршілік нәрін тасып ішуге мәжбүр. Бұл әсіресе көп қабатты үйлерде тұратын тұрғындарға қиындық тудырған. {ШУМ} Павлодар облысының әкімдігі тұрғындарға 10 көлік су тасумен айналысып жатқанын хабарлады. Естеріңізге салайық, осыдан 5 күн бұрын суық судың құбыры жарылған болатын. Бұған қатты аяздан 6 шақырым құбырдың қатып қалуы себеп. Қазір апат орнында мамандар тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. Олар қатып қалған құбырды жылытуға көшкен. Салдарынан «Богатыр-көмір» мекемесіне де су беру уақытша тоқтатылды. Жансерік ҚАПЗОЛЛА, ОБЛЫС ӘКІМДІГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БАС МАМАНЫ:Қазіргі уақытта 5 учаскеде құбырды жылыту жұмыстары жүргізілуде яғни, жер асты және жер үсті құбырлары). Анықталған ақауды жою бойынша жұмыстарды жүргізу кезінде барлығы 4,1 шақырымға жуық құбыр жылытылды. Майқайың кентіне су төмен қысымда берілуде. Суды тәулігіне орташа тұтыну 250 м3 құрайды. Резервуарларда тұрақты түрде тәулікке жеткілікті су қоры бар.