Майқайыңда тағы төтенше жағдай жарияланды

Тұрғындардың өміріне қауіп төнуі мүмкін екенін ескере отырып, осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев мамандар кентте және оған іргелес аумақтарда пайда болған ішкі жылжымалы көшкіндерді, жарықтарды тексеретінін мәлім етті. «Ашық НҚА» порталында жарияланған жобада 1 наурыздан бастап Баянауыл ауданы Майқайың кенті аумағында жергілікті ауқымдағы техногенді сипаттағы төтенше жағдай режимін жариялау туралы жазылған. – Баянауыл ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссиясының 2024 жылғы 28 ақпандағы кезектен тыс отырысының №5 хаттамасына сәйкес, «Майқайың-алтын» акционерлік қоғамының жерасты кеніші аумағында жердің опырылуы орын алған жерге жақын орналасқан тұрғын үйлердің тұрғындарының өміріне қауіп төнуі мүмкін болуына байланысты Майқайың кентінде жергілікті ауқымдағы техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялансын, – делінген шешімде.Баянауыл ауданының әкімдігінде құжат «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», «Азаматтық қорғау туралы» ҚР Заңдары, ҚР ТЖ министрінің м.а. бұйрығы, сондай-ақ ауданның төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде қабылданды.ТЖ жою басшысы болып аудан әкімінің орынбасары Еркін Арыстанбеков тағайындалды. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміздің алғашқы бас мүфтиіне автокөлік мінгізді
Қазақстанның алғашқы бас мүфтиі Рәтбек қажыға көлік сыйланды
«Жазылмайды, емделмейді» деді»: Танымал актриса дертке шалдыққан ұлының құлан-таза айығып кетуіне не себеп болғанын баяндады
180 млн-нан 1,5 млрд теңгеге дейінгі шығындар: Қазақстанның ең тиімсіз мемлекеттік компаниялары
Қазақстанда биыл жинақтаушы зейнетақы өседі
Алматыда трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері сотталды
Жұмысшы мамандықтар жылынан не күтеміз?
Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылық
Қазақстанда жылжымайтын мүлікті онлайн сату және сатып алу жобасы іске қосылады
Ауылдық медицина – қолжетімділік пен сапаны арттыру
Мопедті тіркеуге  қандай құжат керек?
Өзбекстан Қазақстан қалаларына жаңа автобус бағыттарын іске қосады
Тыныштық пен келісімнің мекені
Жжұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Жұмысшы мамандарды дәріптеу қажет
Алматыда қор-қордың түтініне еліткен 100-ден астам адамға айыппұл салынды
Еңбек пен шеберлік бағаланатын  уақыт
 Кәсібилік және еңбекқорлық біліктіліктің  жаңа сапасын қалыптастырады
Теміржол мамандарын даярлау: жаңа мүмкіндіктер мен тәжірибе
Қазақстандық актер Нью-Йоркте марапатталды
Алматыдағы бос учаскеде жаңа демалыс  аймағы пайда болды
Саматтың сырлы суреттері
Жазушы Мұхтар Мағауин дүниеден өтті
1,2 миллион ауыл тұрғыны жылжымалы кешенде медициналық көмек алды