Майқайыңдағы шахтаға жақын орналасқан үйлер көшірілуі мүмкін

Майқайыңдағы шахтаға жақын орналасқан үйлер көшірілуі мүмкін. Баянауыл ауданының әкімдігі төтенше жағдай жариялады. Оған үйлер орналасқан жерлерде жарықшақтардың пайда болуы себеп болған. Қазір тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Арнайы құрылған комиссия жердің опырылу қаупін анықтамақ. Естеріңізге салайық, «Майқайың алтын» шахтасындағы апаттан кейін тұрғындар үйлердің асты қуыс болуы мүмкін - деп дабыл қаққан болатын. Ел ішінде «Шанхай» аталып кеткен шағын ауданда 100-ге жуық үй бар. Олар шахтаға тым жақын орналасқан. Бар жоғы -500 метр ғана.Жасұлан ЖҰМАШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ: Баянауыл ауданының әкімдігі кеніш пен кент аумағында техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялады. Себебі, тұрғын үйлерге төнген қауіптің қаншалықты екендігін анықтау керек. Ол үшін арнайы сараптама жасалуы керек. Осы мақсатқа қаражат бөлу үшін сұраныс жасалынды. Бұл жұмыстармен жергілікті атқарушы органдар айналысып жатыр. Ал шахтаға құлаған 2 құтқарушы әлі табылмады. Себебі, жердің опырылу қауіптілігіне байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылған. Оны жалғастыру үшін кешенді зерттеу жұмыстары жүргізілуі керек. Бұған «Майқайың-алтын» шахтасы қаржы жоқ деп қол қусырып отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Australian Open-ге қатысатын қазақстандық теннисшілердің қарсыласы белгілі болды
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Ірі көлемде алаяқтық жасаған қазақстандық сотталды
Отбасының цифрлық картасында еліміздің 20 млн азаматы туралы ақпарат жинақталған
Алматының индустриалды аймағында 2024 жылы 10 жаңа жоба жүзеге асты
Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесін кеңейту жоспарлануда
Мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қазақстанда алғаш рет түркітілдес елдер арасындағы TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты өтеді
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Қаржы министрлігі
Адамдардың ауыруына тыйым салынды
Биылдан бастап балабақша кезегіне тұру тәртібі өзгереді
1 қаңтардан бастап мемлекеттік сатып алудағы негізгі өзгерістер қандай?
"Өнерден кету ойда бар": Актер Рүстем Жаныаманов өнерден кете ме?
Ол кездесуді сұрады: Трамп Путинпен келіссөздер өткізетінін мәлімдеді
Жетім баланы үй кезегіне қоймаған мемлекеттік орган жауапқа тартылды
Енді той мен садақада мобильді аударымдар арқылы жиналған қаражат та бақыланады
Елдос Сметов Лондонға кетті
Мемлекеттік сатып алу: 1 қаңтардан бастап қандай өзгерістер болады
Румынияда метапневмовирустың алғашқы дерегі тіркелді
Қызылордада мұнай өнімдерін ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Қостанайда оқушылар қашықтықтан оқуға көшті
Қызылордада мұнай ұрлаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Петропавлда құтқарушылар үш сағаттан аса уақыт бойы алапат өртті сөндірді
Биыл тоғыз автокөлік өткізу пункті жаңғыртылады