Медициналық жоғары оқу орындарына талапкерлерді қабылдауға квота енгізілуі мүмкін

Биыл жоғары оқу орындарына түсу үшін 112 мың грант бөлінді. Оның басым бөлігі инженерлік, машина өңдеу, құрылыс салаларына бағытталған. Педагогикалық мамандықтарға басымдық беріліп отыр. Сондай-ақ, биыл алғаш рет ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар енгізілді. "Машина өңдеу, инженерлік, өңдеу және құрылыс салаларына 19 344 грант бөлінген. "Педагогикалық ғылымдарға" – 13 735, "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" саласына – 10 903 орын бар. Ал «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бағытына – 8 300 ге жуық грант қарастырылып отыр. Айгүл ЖҰМАБЕКОВА, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ КОМИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Білім министірлігі жыл сайын грант тізімін еңбек министрлігінің кадрларды даярлау мақсатында жасалған болжамы бойынша бөледі. Биыл жалпы гранттың 60%-ы инженерлікке бағытталып отыр. Одан бөлек министірлік "Серпін" бағдарламасына 4 мың, тығыз қоныстанған және батыс өңірлерінің жастарына 5 мың грантты арнап отыр. Сондай-ақ, су тасқыны болған аймақтардағы түлектерге арнайы білім гранттары қарастырылады. Бакалавриатқа түсу үшін 79 мыңға жуық грант бөлінген. Ал магистратураға 13 мың, докторантураға түсуге 1 900-ден астам грант берілді. Жылдан жылға білімді жастар үшін мүмкіндік кеңейіп келеді. Эльдана ЖАНАБАЕВА, 11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ: Мен инженер мамандығын таңдап жүргенмін, кеше кесте шықты. Бағыма орай дәл менің мамандығыма грант санын биылдан бастап көбейтіп жатыр. Елімізге қажет мамандықтардың грант саны көбейгені жастарға да жақсы. Қазір медициналық жоғарғы оқу орындарында студент тым көп. Сондықтан Денсаулық сақтау министрлігі ақылы оқитын талапкерлерді медициналық жоғары оқу орындарына қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырып жатыр. Сондай-ақ, он жылдық медициналық білім беру бағдарламалары құрылады. Айнұр САРИЕВА, МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ ДЕКАНЫ:  Осы жылдан бастап университеттердің клиникалық-материалдық базасына сәйкес, сапалы оқытушы профессор құрамына сәйкес квота қойылады. Ол дегеніміз санынан сапасына көшу деп түсінуге болады. Мұнан басқа жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқыту бағдарламасына өзгерістер енгізілген. Жаңартылған бағдарлама тілді оқытудың жаңа форматына және әлеуметтік-мәдени білімді қалыптастыруға, студенттің коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға және тұлғалық әлеуетін дамытуға бағытталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Төрехан Сабырхан мен Назым Қызайбай Қазақстанның үздік боксшылары атанды
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
“Өз елінің азаматтары бірінші орында тұрады“. Швейцарияда тұратын қазақ анамен сұхбат
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Бүгін еліміздің 11 қаласында ауа ластанады
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды