Медициналық сақтандыру арқылы ем алудың машақаты неге көп?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі іске қосылғанына біраз жыл болды. Жалақыдан ай сайын ақша аударылады. Есесіне, тегін емделесің. Бірақ шикі тұстары әлі көп. Оны Президент Жолдауында да айтты. Кемшін тұстар қашан түзетіледі? Ақбота Базарбай жауап іздеп көрді.Сақтандыру жүйесінің жарнасы көп емес. Аз қаржы саласыз, сапалы медициналық көмек аласыз. Шарты солай. Бірақ қажет кезде қарала алатын мүмкіндік жоқ. Тіпті мұндай жүйенің барынан хабары жоқтар бар. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Жоқ, ондайды білмеймін. - Ондай пайдаланған емеспіз. Ондай жоқ та бізде. Жүйенің жүйесіз жұмыс істеп тұрғанын Президент Жолдауда сынға алды. Қазір екі пакет түрі бар, яғни қаржы мемлекеттен және сақтандырылған адамнан аударылады. Бүгінде халықтың 81 проценті, яғни 15 миллион адам денсаулығын сақтандырған. Шұғыл емдік шара барлығына бірдей көрсетіледі. Ал балтырыңыз сыздап, басыңыз ауырса кезекке тұрып, тексерілуіңіз қажет. Сақтандырылу міндетті түрде талап етіледі. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Больницаға барсаң жынды қылады ғой. Ана жаққа, мына жаққа шақырып. Ауыруыңды ұмытып қаласың. - Айдың басында звондаса, келесі айға даже мені қойып тастауы мүмкін. Замира БОРЛЫҚБАЕВА, «ЖАНҰЯ» ОТБАСЫЛЫҚ АМБУЛАТОРИЯ ДИРЕКТОРЫ: Сақтандыруы жоқ адамдар, әрине, барлық тегін медициналық қызмет көлемін толыққанды алу үшін өзіне ай сайын сақтандыру қорына өзінің атынан ай сайын төлем жасап тұрып, өзін сақтандырылған категорияға жатқызылуы тиіс. Соңғы 2 жылдың ішінде денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 2 жарым есеге өскен. Сонымен қатар биылғы қаңтардан бастап сақтандыру жарнасы 3000 теңгеден 3 жарым мың теңгеге дейін көтерілді. Забира ОРАЗАЛИЕВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ ДЕПАРТАМЕНТ ДИРЕКТОРЫ: Бұл ақша, біріншіден, жинақталмайды. Өйткені бұл жинақтаушы қор емес. Төлеген сомаларыңыз айма ай көрсетілген медициналық қызметке жұмсалады. Сақтандырылған азамат өзіне-өзі кішкене болсын жауапкершілік алуы керек. Әркім өзінің денсаулығының жақсы деңгейде болуына жауапты. Ол құқығын пайдаланбаған әрбір азаматтың өзінің жауапкершілігі. Сонымен қатар былтыр қыркүйектен бастап МӘМС жарналарын төлеудің жаңа тетігі іске қосылды. Бұл да Президент сынынан кейін көтерілген бастама. Осы арқылы енді азаматтар алдын ала төлем жасап,1 жылға денсаулықтарын сақтандыра алады. Қор өкілдері бұл тетік ешқашан жарна төлемеген немесе төлемді тұрақты түрде жасамаған адамдар үшін тамаша мүмкіндік дейді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда алаяқтықпен айналысқан екі адам қамауға алынды
Ақмола облысында жол апаты болған орыннан жүзге тарта автокөлік жөнелтілді
4 қаңтарға арналған валюта бағамы
Терроризмді насихаттаған әрі есірткіні заңсыз пайдаланған Алматы тұрғыны сотталды
Бірер күн бұрын ШЫҰ Бас хатшысы қызметіне кіріскен Нұрлан Ермекбаев Президенттің қабылдауында болды
Алматыда IT-экожүйені дамытуға 10 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды
Алматыда қатты тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесі жаңғыртылуда
Оңтүстік Корея ресми түрде "ең қарт қоғам" санатына енді
Астана маңында орын алған ЖКО-дан 86 адам,оның ішінде 14 бала құтқарылды
Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауылды ескерту жарияланды
Қаңтардағы ҰБТ қай күндері өтеді?
"Лас, қауіпті және еш сиқыр жоқ": Асаубаеваның Нью-Йорктен көңілі қалды
Қар аралас жауын, көктайғақ: 4-6 қаңтар аралығындағы ауа райы болжамы жарияланды
Қазақстанда жер сілкінісі тіркелді
Ернар Айдар әкесі туралы жантебірентер жазба жариялады
Жаңбыр және қар: Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?
«Қызғаншақ ене болуым мүмкін»: Ләйлә Сұлтанқызы ұлы туралы айтты
Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысын қабылдады
Қазақстан аумағында жер сілкінісі тіркелді
Зарема Шаукенова: Президент экономикалық мәселелерге ерекше назар аударды
Оралда колледж студенті өлі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салыған адам денесі табылды
Алматыда қоқыс өңдеу кезінде пакетке салынған адам денесі табылды
Қазақстанның екі өңірінде автожолдар жабылды