Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданды

26 қаңтарда Еңбекші АПБ-на алаяқтық жайты бойынша ерлі-зайыптылар арызданған. Олар қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға "Каусар-травел" туристік агенттігі жолдама уәде еткенін жеткізді. Олар өз қызметін 1 000 000 теңгеге бағалаған.Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшуы керек болған отбасы уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған. Компания директоры телефон қоңырауына жауап бермепті. Жұмыс орнына іздеп барып, ол жерден де таба алмаған. Осындай арызбен турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам полицияға жүгінді. Олар - Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары. Келтірілген жалпы шығын көлемі - шамамен 33 миллион теңге. Шымкент қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, бұған қатысты  ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәртіп сақшылары белгісіз бағытта жасырынған компания директорын іздестіруге кірісті. Оны іздеуге бес күн қажет болды. Жедел іс-шараларды өткізу барысында Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның Алматыда жасырынып жүргенін анықтады. Ол Медеу АПБ-ның әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды.Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша безендіруге Семейде үш мектептің мұғалімдерін апарған. Басқарма басшысы қызметінен кетті
«Күдікті заттар тауып алып жатырмыз»: Жанқош Тұраровтың әйелі дуа жасайтындардың көбейгенін айтты
5 жылдан кейін еліміздің транзиттік тасымалы қалай өзгереді
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Teez: Жаңа қазақстандық маркетплейс туралы не білеміз?
S.O.S: Астанада қазіргі күннің үлкен проблемасы туралы драма сахналанды
Ақтауда мектепке бомба қойылғаны туралы хабар тарады
Қостанай облысында ірімшіктің 20 жаңа түрі шығарылады
Ардақ Назаров «арақ ішпеуге» ұсыныс жасаған Түркістанда жаңа жылға бюджеттен қаржы бөлінбеді