Мексиканың Сьюдад-Мадеро қаласында (Тамаулипас штаты) шіркеу шатырының опырылуы салдарынан 10 адам мерт болып, 60 адам жарақат алды.Бұл туралы «Х» әлеуметтік желісінде аймақтық қауіпсіздік министрлігінің хабарламасында айтылған. «Қайғылы оқиғадан 10 адам қаза болды және 60 адам жарақат алды, оның 23-і ауруханаға жатқызылды, екеуі ауыр жарақатпен жеткізілді», - делінген хабарламада. Мемлекеттік департамент төтенше жағдай «құрылым ақауына» байланысты болуы мүмкін деген болжам айтты. Оқиға орнында үйінді аршу жұмыстары жалғасып жатыр.