Мексиканың солтүстігінде аптап ыстық ұзаққа созылды. Бірнеше күннен бері сынап бағанасы +40 градустан төмен түспей тұр.Тіптен елдің кей бөліктерінде ауа температурасы +45 градусқа жеткен. Тұрғындар үшін күннің осыншама шыжуы оңайға соқпай тұр, деп жазады qazaqstan.tv. Ашық ауада еңбек ететін жұмысшылар күн өтпеу үшін жиі-жиі үзіліс жасауға мәжбүр. Аптап ыстықта денсаулығы сыр берген адамдарға шұғыл көмек беру үшін дәрігерлер тобы құрылды. Осы мақсатта АҚШ-пен шекаралас шөлді аймақта 16 көмек беру станциясы ашылған.