Мектеп асханаларын тексеру нәтижесі жарияланады

Бастауыш сынып оқушыларына берілетін тегін ыстық тамақтың сапасына жөнді қарамай жүрген мектептер мәселесі министрлік деңгейінде қаралады. Бұл туралы Қазақстанның орнықты даму саласындағы ұлттық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру мониторингі жөніндегі Парламенттік комиссия отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Айта кетейік, 2023-2024 жылғы оқу жылдарында елімізде бастауыш сыныпта оқитын 1,4 млн бала тегін тамақтанады. Алайда оқу жылының басында мектеп асханаларында балаларға арналған тамақтың сапасына қатысты ата-аналар шағым айта бастады. «Еліміз аумағында ыстық тамақпен қамтамасыз ету мәселесін қадағалау бойынша тиісті топ тексеріп жатыр. Барлық өңірде 1-4 сынып оқушыларына тегін ыстық тамақпен беруге қаражат толық бөлінген. Бірақ қоғамда оның сапасына және толықтай қамтуға қатысты сұрақтар қойыла бастады. Сондықтан мониторинг тобы осы кемшіліктерді анықтап, бұл саладағы мәселені министрліктің аппараттық кеңесінде қарастырамыз», - деді Ғ. Бейсембаев. Оның айтуынша, мониторинг тобының қадағалау жұмыстары 10 қазанда аяқталады. «Кейбір аймақтарда талаптарды орындамаған жекелеген мектептер анықталып жатыр. Бұл тұрғыда оларға нақты шаралар қолданылады. Жергілікті әкімдіктерге мектеп асханаларының жұмысын тиісті деңгейде ұйымдастыру мәселесіне қатысты хат жолдаймыз», - деді министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда жаңа электр автобустары жүре бастайды
Жыл басынан бері есірткі қылмысына қатысы бар 6 жасөспірім ұсталған
Жүргізуші көлігінің нөмірін майлықпен жауып қойғаны үшін куәлігінен айырылды
Алматыда өткен жылы қылмыс деңгейі 10%-ға төмендеді
Мектеп көп пе, мешіт көп пе?
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жобаны іске асырылуда
Су шаруашылығы нысандарын дамыту бойынша 137 жоба іске асырылуда
Сотталған жасөспірімдер де ҰБТ тапсырады
Алматыда №98 бағытта жаңа электр автобустары жүре бастады
Шенеунікті ара шағып өлтірді
Алматыда тұратын әдебиет пен өнер қайраткерлеріне мемлекеттік стипендия табысталды
Қазақстанның ТМККК пакеті шет елдердегі медициналық көмектің тегін тізбесінен едәуір асып түседі
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Ақын Дәулеткерей Кәпұлы жаңа қызметке тағайындалды
VIN-кодтарды қолдан жасау: Қазақстанда ірі қылмыстық схема әшкереленді
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған