Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан мектеп гимназиясынан шулы видео тарады, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.Әлеуметтік желіде тараған видеода мектеп директоры орынбасарын ұстап берген. Орынбасар өз сабағына кірмеген. Директор әріптестерімен бірге орынбасардың кабинетіне барады. Алайда ол есікті ішінен іліп алған. Директор учаскелік полицияға жүгінетінін айтып, есікті ашқызған. Орынбасар сыныптастарымен ішімдік ішкені анықталды.