"Мектеп директорларына айыппұл салу проблемасы ушығып барады" – депутат

Бұл туралы Мәжіліс депутаты Асхат Аймағабетов Телеграм каналында жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Мектеп, аурухана, балабақша, колледж сияқты бюджеттік мекемелердің директорларына жүз мыңдаған айыппұл салу проблемасы ушығып барады. Кейін сол 500-600 мың айыппұлды директор қалай және кімнен жинайтыны айтпаса да түсінікті ғой. Мектеп директорларын мектептің үш ауысымды болғаны үшін немесе құрал-жабдықтары мен лабораториялары жеткілікті деңгейде болмағаны үшін айыппұл төлеуге мәжбүрлеу әділетсіз. Өйткені, егер мектеп үш ауысымды болса, бұл директордың кінәсі емес, әкімшіліктің кемшілігі. Бұған қоса, мемлекет тарапынан мектептердің жеткіліксіз қаржыландырылуы да осы мәселелерге әкеледі, - деп жазды ол. Депутаттың пікірінше, құзыретіне жатпайтын, яғни тікелей әсер ете алмайтын мәселелер үшін айыппұл салуды тоқтату қажет. Сондай-ақ, дәрігерлерді өз мамандығынан тыс жұмыс істеуге тартқан, қажетсіз есептерді талап еткен үшін жауаптылыққа тарту құзыретін полициядан алып, бұл өкілеттікті Денсаулық сақтау министрлігінің комитетіне беру ұсынысымды білдірдім. Кезінде біз дәл осындай шешім қабылдап, соның арқасында қағазбасылықпен, мұғалімдерді өзіне тән емес жұмысқа тарту проблемасымен күрес нәтижесін берген болатын. Сонда біз мыңдаған заңды бұзған басшыларды жауапкершілікке тартып, осылайша беттерін қайтарып, жағдайды өзгерткенбіз. Тиісті түзетулерді бердік, - деп жазды Аймағамбетов.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Globe Soccer Awards» нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздіктері анықталды 
Мұрат Нұртілеу Әзербайжан сыртқы істер министрімен телефон арқылы сөйлесті
Абай облысының құтқарушылары тұрғын үйдегі өртті сөндірді
Оқушылардың қысқы каникулы басталды
11,2 мың адам тұрақты жұмысқа орналастырылды
ICAO ұйымы ұшақ апатына қатысты мәлімдеме жасады
Отандық білім беру саласының көшбасшысы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ақтау қаласы маңындағы ұшақ апатына байланысты кеңес өтті
2024-те көп қойылған есімдер
Ауа райына байланысты Абай мен Шығыс Қазақстан облыстарында жол жабылды
Актаудағы ұшақ апаты: Бразилиядан келген мамандар тергеу жұмыстарын бастады
Конституциялық сот: Шартты түрде мерзімінен бұрын босату заңға сәйкес қаралуы керек
Жанна Уразбахованың үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ұшақ апаты: ауруханадағы алты адамның жағдайы қандай?
Абай облысында «гастрольдік квартет» атанған пәтер ұрылары ұсталды
Жарылыс болған кезде, ұшақ бөлшектеніп кетеді деп ойладым...
Ауа райына байланысты екі облыста жол жабылды
Ұшақ апаты: Ақтауға бразилиялық шенеуніктер келді
Астанада полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен азаматтардың қазіргі ахуалы айтылды
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Түркістан облысында болды
Астанада жаңа жылдық ойын-сауық басталды
Ақтаудағы ұшақ апатын зерттеуге шетелдік мамандар ұшып келді
Еліміздің 14 облысына дауылды ескерту жарияланды