Мемлекеттік бюджеттен 11 миллион теңге жымқырған. Бұл үшін мектеп директорының орынбасары мен бас есепші жауапқа тартылды. Мұны Алматы қаласының прокуратурасы мәлімдеді. Заң бұзушылық мектептердің бірін тексеру барысында анықталған. Қазынаға қол сұғушылар артық қаражатты негізсіз жалақы есептеу арқылы өздеріне алып отырған көрінеді. Жиделбай НҰРСҰЛТАН, ҚАЛАЛЫҚ ПРОКУРАТУРАНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Кінәлілер коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Залал толық көлемде өтелді. Үкім заңды күшіне енді.