Мектеп жасындағы қыздарды вакциналауға үкімет 9,5 млрд теңге бөлді

Қазақстанда биыл күзде оқушы қыздарға адам папиллома вирусына қарсы екпе егіледі. АҚШ-тан вакцина сатып алуға үкімет 9,5 млрд теңге қаражат бөлген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.Бүгін үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Azattyq Rýhy тілшісі денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназаровадан 11 жастағы қыздарға егілетін вакцина қай елден және қанша ақшаға сатып алынатынын сұрады. «Үкімет тарапынан 9,5 млрд теңгедей қаражат бөлінді. 370 мыңнан астам вакцина алынды. 175 мыңға жуық қызымыз вакцинациялауға жатады. Америка Құрама Штаттарының вакцинасын сатып алуға шешім қабылданды», - деп жауап берді министр. Айтуынша, денсаулық сақтау министрлігі төрт валентті вакцинаға тоқталған. Бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы. Әлназарова папиллома вирусына қарсы екпе егу ерікті түрде жүргізілетінін, ата-аналарды ешкім мәжбүрлемейтінін атап өтті. «Иә, бәрі ерікті түрде болады. Бірақ баласының болашағын ойлайтын ата-анаға қажет болса біз қосымша ақпарат береміз. Өз тарапымыздан түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Сондықтан ешқандай мәжбүрлеу мәселесі орын алмайды», - деп сендірді министр. Естеріңізге сала кетейік, биыл күзде 11 жастағы оқушы қыздарға папиллома вирусына қарсы екпе егіледі. Вакцина жатыр мойны обырының алдын алуға бағытталған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Елена Рыбакина бір күнде екі ойынан жеңіліп қалды
“Ордабасы” жаңа бас бапкерді тағайындады
Жаңажылдық мерекеде артық салмақ қосып алмау үшін не істеу керек?
АЛМАТЫ ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА
Алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген ер адам БАӘ-ден Қазақстанға жеткізілді
Заңға енгізілген түзетулер: Бұрынғы президенттер туралы ақпарат неге құпия саналатын болды?
Боран болады: 23 желтоқсанда ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қарағандылық жолшылар жүк көлігін апаттан құтқарды
Семейде бас шыршаның шамын жағу рәсімі кейінге қалдырылды
Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы
Бақыт Сәрсекбаев бокстан ұлттық құрамаға оралды
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Атыраулық дәрігерлер алғаш рет жүрекке күрделі ота жасады
Мұз үстінде ойнап жүрген екі бала құтқарылды
Алматыда атыс болды: полиция ақпаратты растады
Жетісу облысында есірткі зертханасы жойылды
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Оралда жолаушылар автобусы өртенді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты
Ақтаулық оқушылар сары құмырсқаның емдік қасиеті барын анықтады