Мектеп кітапханашысының жалақысын көтеру керек – депутат

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова қазақ тіліндегі көркем әдебиеттің баспа индустриясын дамытуға қатысты пікір білдірді.Айта кетейік, бүгін Парламент Мәжілісінде кітап нарығын реттеу, тәуелсіз негізде қазақ тілінде балалар және көркем әдебиетті басып шығарумен айналысатын баспалардың жұмысына қолдау таныту тақырыбында жиын ұйымдастырылды. «Қазір әлемде геоэкономикалық жағдай күрделі. Бұл ахуал кітап басып шығару ісіне де әсер етіп отыр, яғни кітапқа арналған қағаз басқа елдерде өндіріледі. Қазір осы өнімнің құны өсіп кеткен. Сондықтан балаларға арналған сапалы кітапты басып шығаратын, сұранысы жоғары шетелдік кітаптарды аударып жүрген мамандарды, еліміздегі жазушыларды шақырып, пікір алмасып жатырмыз. Бүгінгі ұсыныстар аясында заңнамалық өзгерістерді жасай аламыз», - деді Ж. Сүлейменова. Оның пайымынша, кітапхана тек оқулық тарататын орын емес, кітапхана - баланы кітап оқуға баулитын орталыққа айналуы тиіс. «Жас жазушыларды қолдау маңызды. Қазір бізде қаламақы деген ұғым жоқ. Кеңес Одағы кезінде әдебиетті қолдау қоры деген болды. Атап айтқанда, елімізде жас жазушылармыз нарықты жақсы меңгеріп жатыр. Бір кітапты бірнеше рет басып, өздерінің банк қосымшалары арқылы сатып, өздері таратып жатыр. Бірақ бұл ретте тек қаладағы балалар мен оқырмандарға сатып алуға мүмкіндік жасалған. Сондықтан ауылдағы оқырмандар үшін де жағдай жасау керек. Осы бағытта бір операторды бекіту қажет. Бұл ретте, «Қазпоштаны» немесе басқа да операторды қарастыруға болады», - деді Ж. Сүйлейменова. Оның сөзіне қарағанда, кітап басу саласындағы субсидия мәселесін де пысықтау керек. «Мәдениет министрлігі жағынан жазушыларды қолдауға арналған түрлі байқаулар бар. Екіншіден, жазушының қаламақысы деген ұғымды заңмен бекіту керек деген ойдамыз. Депутаттар балалардың кітапханаға тегін баруы, кітапханашылардың жалақысын көтеруге қатысты ұсыныстар айтты. Мектеп кітапханашысының жалақысы тым төмен. Бұл мәселеге қатысты нақты шешім жасау керек», - деді депутат.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бешікташ" Зайнутдиновсыз жеңіске жете алмады (ВИДЕО)
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанның су тасқынына дайындығы қандай деңгейде?
Павлодарда төрт жыл алимент төлемеген әке ұсталды
СҚО-да "Құстарға арналған эко-қоректендіргіштер" экологиялық байқауы өтті
Су тасқыны кезеңіне дайындық: қорғау мен алдын алудың кешенді шаралары
«2025 жыл Қазақстан үшін оңай болмайды»: Сарапшылар дабыл қақты
Қонаевта қысқы дрифт шоуы өтті
Алматыда бейнебақылау камералары қандай қылмыстарды ашпақ?
Шығыс Қазақстандағы екі жолда көлік қозғалысына тыйым салынады
Шымкентте науқасқа ерекше ота жасалды
Астанадан Қарағандыға барған жолаушылар такси жүргізушісін ұрып кеткен
Елордалық жастар жалға берілген баспанадан тұрақты баспанасына қалай көше алады
Ұлттық ұлан офицері қыздың өмірін сақтап қалды
Қазақстанда энергия жинайтын құрылғы шығарылады
Жексенбі күні елдің басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады
Еліміздегі әуежайларда шекара бақылауынан өту жеңілдеуі мүмкін
Алматыда ТЖМ қызметкерлері өрт кезінде 14 адамды эвакуациялады
Астанада ер адамның мүрдесі табылды
Астанада қаланың қақ ортасынан мәйіт табылды
Жетісу облысындағы Лепсі арқылы Балқашқа апаратын жаңа жолда көлік қозғалысы туристік маусымға дейін ашылады
Павлодарда балаларына қарыз әке ұсталды
Қосымша жұмыс істегені үшін қызметтен кетті