Мектеп вальсінен кейін қыздарды ешкім тұрмысқа алмайтынын айтқан имам жұмыстан шығарылды

Мектеп вальсінен кейін қыздарды ешкім тұрмысқа алмайтынын айтқан Ферғана облысы Ташлақ ауданының бас имамы, халық арасында "Шукрулло домла" деген атпен танымал Шукрулло Эгамбердиев жұмыстан шығарылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі podrobno.uz-ға сілтеме жасап.Басылым мәліметінше, Шукрулло Эгамбердиев бірнеше даулы мәлімдеме жасаған. Ол нақты қай мәлімдемесі үшін жұмыстан шығарылғаны белгісіз."Түлектердің кештерінде не болып жатқанын қараңыздар! Егер түлек болсаң, демек, қалағаныңды істе деген сөз бе? Неліктен мектеп оқушыларына қыдыруға және демалып жүруге рұқсат бересіздер? Неліктен оларға вальс билеуге рұқсат бересіздер? Мұғалімдер қайда қарап отыр? Ертең түлектер кешінде сыныптасымен бірге вальс билеген қызға не болады? Ал интернетте оның билегенін көрсе? Оны ертең кім алады? Тәрбиелі адам болса, оны алмайды?", - деген имам.16 мамырда Өзбекстан мұсылмандары басқармасының ішкі бақылау комиссиясы Шукрулло Эгамбердиевтің әлеуметтік желілердегі сөздерін талқылады. Жиында оның әлеуметтік желілерде дау тудырған мәлімдемелері имам мәртебесіне сәйкес келмейтіні айтылды.Эгамбердиев қате жібергенін мойындап, кешірім сұрады. Имам-хатыб кейінгі қызметінде мұндай кемшіліктерге жол бермейтінін мәлімдеді.Ішкі бақылау жөніндегі комиссия тәртіптік жаза ретінде сөгіс беріп, оны Ташлақ ауданының бас имамы міндетінен босатты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Түркістан облысында 110 жастағы қарияға төлқұжат берілді
Жазушы мұрасы – мәңгілік
Ғылыми кеңестің отырысы өтті
БҚО құтқарушылары жоғалған ер адамды аман тапты
Путинцева жартылай финалға шықты
Фристайлдан ӘЧ: Ел қоржынына тарихи алтын түсті
Банк саясаты саласындағы келісімді ратификациялады
Маңғыстау техникалық колледжінде 243 млн теңге жымқырылды
БҚО-да көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Оралда аумақтық қорғаныс бригадасының жаңа нысандары пайдалануға берілді
Қарағандыда көпқабатты үй өртеніп, алты адам құтқарылды
Бір жылда азық-түлік бағасы қаншалықты өсті?
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Алматыда "Тұран таулары" халықаралық симпозиум-пленэр көрмесі ашылды
Жамбыл облысында радикалдық діни топтың 11 мүшесі ұсталды (ВИДЕО)
«Қайрат Нұртастың қызы тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?»: актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жауап берді
Шымкентте полиция қызметкерлері аса ірі көлемде “синтетика“ тәркіледі
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Жетісу облысында қар құрсауынан бір жүргізуші аман қалды
«Нұрболханмен бекер соттасыппын»: Ләйлә Сұлтанқызы қандай өкініші бар екенін айтты