Мектепке 2,7 миллионға бірнеше доп сатып алынбақ болған

Шымкентте тым қымбат бағаға спорт құрал-жабдықтарын сатып алу жоспарланған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.Оның айтуынша, дарынды балаларға арналған мектеп мемлекеттік сатып алу сайтында күмәнді лот жариялаған. Оқу орны 2,7 миллион теңгеге 20 доп сатып алуды жоспарлаған."Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2,2 миллион теңгеден аса сомаға бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланудың алдын алды. Қалалық білім басқармасының "№90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназиясы" КММ мемлекеттік сатып алу жоспарында 2,7 миллион бюджет қаражатына 20 доп алуды бекіткен. Тауардың әрбір бірлігі 2-ден 10 есеге дейін асыра бағаланып есептелген", - деп жазды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Дәурен Ерғарин Facebook-парақшасында."Мемлекеттік мекеме баскетбол добын 232 мың теңгеге, ал волейбол добын 42 мың теңгеге сатып алуды жоспарлаған", - деп жазған ол. Департамент мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының атына жоспардың тармағын қайта қарау туралы ұсыныс хат жолдады. Нәтижесінде 2,2 миллион теңгеден аса қаржы үнемделді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сатпайды, тек сыйлыққа береді: сүйектен кәдесыйлар жасайтын шебер жұртты тәнті етті
Семейде 22 жастағы жігітті пышақтап өлтірген күдіктіге үкім шықты
“Қорғау” жүйесінің көмегімен қауіпті жүргізуші туралы ақпаратты алып, шаралар қабылдайды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты
Садриддин Ахмедов АҚШ-та жеңіске жеткеннен кейін марқұм Шерзат Болат туралы айтты
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Джанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
Алматыда ҚР ІІМ еңбек сіңірген қызметкері Жанысбек Құсманғалиевке ескерткіш тақта ашылды
«Astana Piano Passion» республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
Таразда құтқарушылар 3 жасар балаға көмектесті
Экс-футболшы Грузия президенті боп сайланды
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емхана ашылды