Мектепке пышақпен кіру. Бала психологиялық көмекке зәру болған

Павлодарда мектепке пышақпен кіріп, екі адамды жарақаттаған оқушыға қатысты оқиға кәмелеттік жасқа толмағандар және балалар құқықтарын қорғау ісі жөніндегі ведомствоаралық комиссияда қаралды, деп хабарлайды BAQ.KZ Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбековтың айтуынша, бұл бағытта білім беру бөлімінің жұмысында олқылықтар анықталды. Мектепте болған оқыс оқиғаға жауапты органдардың салғырт жұмысы себеп. Мұғалім мен сыныптасын жарақаттаған бала психологиялық және педагогикалық көмекке зәру болған. Бірақ, мектеп әкімшілігі бұл жағдайды байқамаған. Сондықтан, баланың пышақпен мектепке кіріп кетуі ешкім көрмеді. Бұған дейін мектеп қауіпсіздік бойынша тексерістен өткен. Сонда ескертулер айтылған, десе де, ешбір олқылық жойылмады, - дейді Хасар Хабылбеков. Отырыс барысында өзге мектептерде де қауіпсіздікке қатысты мәселелердің бары анықталды. Мәселен мекемелердегі бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты сұрақ көп. Ал күзетшілердің басым бөлігі егде жастағы азаматтар болып шықты. Жауапты мекеме өкілдері бұл проблемаларды жасырып келеді. Мамандардың айтуынша, мектептерде бейнебақылау камералары онлайн жұмыс істейді, ал оқыс жағдайы кезінде бейнежазбаны қарау мүмкін емес. Білім беру бөлімі мен полиция басқармасына күзет кәсіпорындарымен мәселені шешу тапсырылды. Айта кетейік, осыдан үш жыл бұрын камераларды орнату бойынша «Қазақтелеком» АҚ-мен келісімшарт жасалған. Енді келісімді тоқтату мәселесі қаралып жатыр. Ал оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзге жобаларды жүзеге асырылады. Екі адамды жарақаттау бойынша білім беру бөлімі мен мектеп директоры әкімшілік жауапкершілікке тартылмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Төл шаңырақ – жетім жүрек жәннаты
Ауылдан – Алматыға!
Жылу беру қалпына келтірілді: сағат 6:00-ден бастап нысандарды кезең-кезеңімен қосу басталды
Станислав Черчесов қызметінен кететін болды: жаңа басшы тағайындау мәселесі
10 жасар шабандоз Хамза Амангелді «Алтын тұғыр-2024» сыйлығына ие болды
Жеті қалада ауа сапасы нашарлайды
Тұман түсіп, жел күшейеді
Қарағанды облысында автобус өртенді
Есен Елеукеннің анасы дүниеден өтті
Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты
“45 млн теңге“. Астанада ломбардқа ұрлыққа түскен қаскөйлер ұсталды
271 қазақстандық "Болашақ" бағдарламасымен шетелге оқуға жіберіледі
Бүгін қазақтың батыр ұлы – Бауыржан Момышұлының туған күні (ВИДЕО)
Биыл елімізде ішкі туристер саны 6 миллионға жетті
21 адамды алдаған қарағандылық турагент сотталды
Су саласының 105 маманы Қытайда біліктілік арттыру курстарынан өтеді
Қызылорда облысында аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған әйел ұсталды
Алматыда ерлі-зайыптыны атып кеткен үй тонаушы табылмай жатыр
Астана мешіттерінде сурдоаударма қызметі іске қосылды
Алматыда ерлі-зайыптыны "электрик" атып кеткен: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
«Ол президент бола алмайды». Дональд Трамп Илон Маск жайлы
ШҚО-да қар көшкініне байланысты республикалық жолдың бір бөлігі жабылады
Бірнеше өңірде ауа ластанады