Астанада жасөспірім көпқабатты үйдің терезінен секіріп, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz.20 қыркүйекте Астанадағы көпқабатты үйлердің бірінің ауласынан жасөспірімнің мәйіті табылды.Алдын ала ақпарат бойынша, ол үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы 3-бөлігі бойынша СДТБТ-да тіркелген."Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ресми ақпаратты ұстануды сұраймыз. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы негізінде тергеу мүддесінде соталды тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етілмейді", - деді Астана ПД қызметкерлері. Желі қолданушылардың бірі жасөспірімнің мектепте қорлық көрген соң өз-өзіне қол салғанын жазған.