Мектептегі жұмысшылардың жалақысы жыл сайын шамамен 20% артуда

Мектептегі жұмысшылардың жалақысы төмен. Еден жуушы, аула тазалаушы сынды кіші санаттағы еңбеккерлер мардымсыз айлық алады. Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова орта білім беру мекемелерінде ауыр жұмысты істейтін қызметкерлердің жалақысын көтеруді ұсынды. Жазкей Рахатқызы елордадағы мектептердің бірінде аула тазалаушы болып жұмыс істейді. 18 жыл Семей қаласында тұрған, былтыр ғана Астанаға қоныс аударған көрінеді. Жазкей РАХАТҚЫЗЫ, АУЛА ТАЗАЛАУШЫ: Күн суық, еңбек аз енді. Айтамыз бұл кісілерге бір-екі рет еңбегіміз төмен деп. Жалпы қазір нарықта өздеріңізге белгілі, ішіп-жем, тұтыну, жалпы,әйтеуір бірдеңеге сеп болсын деп істейсің. Басқа шараң жоқ. Біз барғанмен кім алады? Гүлбану Нұрпейісова мардымсыз жалақымен мегаполистерде күн көру қиын екенін айтады. Еңбегіміз ауыр болғанымен, жалақымыз жеп-жеңіл, дейді ол. Гүлбану НҰРПЕЙІСОВА, ЕДЕН ЖУУШЫ: Біз үшін енді төмен жалақы деп есептеймін. Таңертеңгі 8-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істегеннен кейін +көңіліміз толмайды. Өйткені, қазір ай сайын емес, күн сайын десе де болады барлығы қымбаттап жатыр. Сондықтан да көпшілік қызметкерлер квартирада тұрады. Сондықтан да айлықты көбейткен дұрыс деп ойлаймын. Жалпы шаруашылық жүргізу құқығы бар мектепте кіші қызметкерлер 200 мыңға жуық айлық алады. Ал коммуналдық мемлекеттік мекемеге жататын білім беру ұйымында жалақы аз. Әбдішүкір ЖАҒЫППАРҰЛЫ, САНТЕХНИК: Өзімнің 4 балам бар, қазір, несием бар дегендей, әйелім жұмыс істегенде де, айлығымыз аз. Алты жанды асырауға жетпейді. Қолдап жатқанына, кешегінің барлығы орынды. КСМ: Депутат Жұлдыз Сүлейменова білім беру, денсаулық сақтау мекемелеріндегі орта және кіші буын қызметшілердің еңбекақысын кемінде екі есе көтеру қажет деп санайтынын айтты. Ол жұмысшыларға лайықты жалақы тағайындалуы тиіс деп есептейді. Депутат ең алдымен білім және ғылым саласындағы азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімі қайта қаралып, еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы және электрикті осы тізімге енгізу қарастырылсын деген ұсыныс білдірді. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Оқу-ағарту министрлігі Ұлттық экономика министрлігі және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, осы еден жуушы, плотник, сантехник, аула тазалаушы, электрик санатындағы жұмысшылардың еңбек демалысына төленетін төлем мөлшеріне сауықтыру жәрдемақысы қосу мүмкіндігін қарастырып, республикалық бюджеттен шығындарын есептесін. Сонымен қатар республикалық бюджетті нақтылау кезеңінде аталған жұмысшылардың базалық лауазымдық жалақысын инфляцияға және жұмыстардың күрделілігіне сәйкес ұлғайтуды қарастырсын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мамандары мектептегі жұмысшылардың жалақысы 2022 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 20 пайызға артып отырғанын айтты. Бағлан ҚАСЕНОВ, ҚР ЕХӘҚМ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ӘРІПТЕСТІК ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ: Кіші жұмыскерлердің жалақылары 2022 жылы көтерілді. Кезең-кезеңімен артып отыр, 4 жылға дейін бекітілді, 2025-ке дейін. Осы жұмыстың шеңберінде олардың жалақысы артып жатыр қазір. +2022 жылы 1,23 пайызға көбейтілді. 2023 жылы 1,45 пайызға артты. Қазір 71 пайызға артып отыр. Келесі жылы 100 пайызға артатын болады. Қазір еліміздегі мектептерде 261 мыңнан астам кіші санаттағы жұмысшы бар. Оның ішіндегі 254 мың жұмысшы қолына 74 мың теңгеден 85 мың теңге аралығында жалақы алады. Еден жуушы – 82 856 теңге, электрик 81 575 теңге, аула сыпырушы – 79 317 теңге айлыққа күн көреді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Метеорологтар Астана мен Алматы тұрғындарына ескерту жасады
Астанада түнгі ауысымда қар тазалауға 1300 арнайы техника жұмылдырылды
Француз теннисшісі 1977 жылдан бері турнирдің ең жасы үлкен чемпионы атанды
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды