София Бикенова сағат 19:00 шамасында №84 мектеп-лицейден шығып, үйіне қайтпаған. Бұл туралы "Лидер" еріктілері хабарлады.Сағат 21:00-ден бастап полицейлер, еріктілер, көршілер, мектеп оқушыларының ата-аналары және барлық мүдделі елорда тұрғындары баланы іздестірді. "Барлық қажетті жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілді, бала жүріп өткен барлық жолдар бойындағы бейнебақылау камералары қаралды.Іздеуге еріктілер де үлкен көмек көрсетті.Қабылданған шаралардың арқасында бала табылып, ата-анасына", - деп хабарлайды қалалық полиция департаменті. Қыз аман-есен Астанадағы пәтерлердің брінен табылған.