Мектептерде буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама енгізіледі

Елімізде білім беру ұйымдарындағы буллингке қарсы бірыңғай бағдарлама әзірленіп жатыр. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан орталық коммуникациялар қызметінде өткен дөңгелек үстелде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.«Бізге білім беру ұйымдары мен оның сыртындағы буллинг пен қудалау фактілері туралы шағымдар түсіп жатады. Оның ішінде әлеуметтік желі арқылы да деректер тіркелуде. Осыған байланысты бүкіл елге арналған бірыңғай буллингке қарсы бағдарлама әзірлеуді бастадық. Ол бағдарлама елдегі бүкіл білім беру ұйымдарында қолданылатын болады. Бағдарлама аясында балалармен буллингтің не екені, оның зардабы туралы, жаман үрдіс екені туралы әңгіме жүргізіледі. Балалар мен мұғалімдер бір-бірін түсінуді, проблеманы бірге әрі бейбіт жолмен шешуді үйренеді», - деді Еділ Оспан. Оның айтуынша, балалардың бұл мәселеде жалғыз емес екенін түсінуі маңызды. «Мектептерде балалар проблемаға тап болса, ересектермен сөйлесуіне арналған орындар құрылады. Осылайша бала, ата-ана, мұғалім үштігі бірге жұмыс істеп, мектепті қауіпсіз ортаға айналдыруға күш салады. Бағдарламаға тәрбиелік компоненттер де қосылады. Сынып сағаттары мен ата-аналардың жиналыстарында бұл мәселе көп талқыланады. Буллингке қарсы бағдарламаның тиімділігіне онлайн модуль арқылы мониторинг жүргізіледі және ай сайын білім беру ұйымдарындағы буллинг деректері жинақталып отырады», - деді вице-министр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ЕУРО-2026: Футтзалдан Қазақстан құрамасы дайындықты бастады (ФОТО)
Алматыда 3-9 наурыз аралығында «Таза Қазақстанның» алғашқы аптасы өтеді
Зерттеу: Адамдар неше жасында бірден қартайып кететіні белгілі болды
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы Түркияда тойланды
«Елден кетіп қалған»: Бас прокуратура Нығматулин бюджет қаражатын ұрлағанын мәлімдеді
Шаңғы: Ерлер кезекті жарысты аяқтады
«Қауіпсіз қала» акциясы: «Жастар Рухы» мен полиция бірлескен рейд өткізді
БҰҰ Алматыда Орнықты даму жөніндегі аймақтық орталық ашу туралы қарар қабылдады
Қайрат Биекенов: Ту ұстап шығатынымды Лиллехаммерде білдім
Жетісу облысында қанша туристік нысан бар
7 жыл бойы гемодиализде болған пациентке жүрек қақпақшасы сәтті имплантатталды
«Қауіпсіз қала»: «Жастар рухы» мен полиция қызметкерлері түнгі рейд жүргізді
Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасады
Жаңа егіннің 5,8 млн тоннасы экспортталды
Алматыға былтыр келген туристер саны 2 миллионға жуықтады– в итоговом выпуске новостей (04.03.2025)
Қазақстанда 16 мыңнан астам адам артық салмақтан зардап шегеді
Ақтауда шенеуніктер қоқыс жәшігіне 1 миллиард теңге жұмсамақ
Ауа райына байланысты Батыс Қазақстан облысында жол жабылды
Украина келісімге дайын: бізден артық бейбітшілікті ешкім қаламайды – Зеленский
«Жылаған дауысы естілді:» Семейде 7 жастағы қыз өртенген үй ішінде қалып қойған (ВИДЕО)
Шетелдік сарапшылар Қазақстанның сот төрелігі жүйесін бағалады
Республикалық олимпиадаларда ауыл оқушыларының жүлделі орын алуы 10 есеге жуық артты
«Тыржалаңаш жігітті мұздың үстімен сүйреген»: елорда тұрғындарының оғаш әрекеті камераға түсіп қалды (ВИДЕО)
Биыл Астанадан қанша адам әскерге аттанады