"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында абайлықтар орман алқабына көшет егіп, көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Семей қаласы төңірегіндегі өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жөніндегі жергілікті тұрғындардың бұл бастамасына қолдау білдірді. Экологиялық акцияның биылғы апталығы "Жасыл Аймақ" атауымен Бородулиха ауданынан басталды. "Семей орманы – жасыл аймақ" атауымен ағаш егу бойынша ауқымды шара ұйымдастырылды. Нұрлан ҰРАНХАЕВ, АБАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әлемде теңдесі жоқ қарағайлы орман көшетін отырғызып жатыр. Әрине оның нәтижесін бүгін емес, 5-10 жылдан кейін көретін боламыз. Белсене қатысып жастқан жерлестерімізге алғысымыз бен ризашылығымызды білдіреміз. Көшет егу бойынша экологиялық акцияға мыңға жуық адам қатысты. Яғни, әртүрлі ұйымдардың еңбек ұжымдары, ардагерлер кеңесінің мүшелері, аудандық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, қоғам қайраткерлері, волонтерлер мен студенттер. Бес гектар аумаққа үш сағаттың ішінде 23 мың қарағай көшеті егілді. Ғани АЛПЫСШАЛОВ, "СЕМЕЙ ОРМАНЫ" МОТР ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биылғы жылы 6100 га егістік жұмыстар өткізіледі. Ол екіге бөлінген 5139 га ол көктемгі жұмыстар. Қалғаны күзгі жұмыстар. Өсіп үлкен орман болады, нәтижесін береді деген үміттеміз. Көшеттер орман алқабына жылына екі рет егіледі. Күзде және көктемде. Дәл қазір -көшет егуге ең қолайлы кезең. "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы басталғаннан бері өңірде барлығы 50 мың көшет егілген. Орманды қайта қалпына келтіру үшін келер жылға дейін "Семей Орманы" резерватында 119 миллион жас қарағай егу жоспарланып отыр.