Мемлекет басшысы АХҚО Сот төрағасының ант беру рәсіміне қатысты

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сот төрағасы лорд Ян Бернеттің ант беру рәсіміне қатысты. Ресми жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ орталық инвесторлар сенім артатын маңызды алаң саналатынын айтты. Президент лорд Ян Бернеттің жауапты лауазымға тағайындалуымен құттықтап, өз міндетін ыждағаттылықпен орындап, әділ сот төрелігін қамтамасыз етуге күш салған Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірді. Жиыннан соң Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының Сотын және Халықаралық арбитраж орталығын еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыруға ықпал ететін негізгі тәуелсіз институттар ретінде дамыту перспективасын талқылады. Президент дауларды шешуге қатысты халықаралық құқықтың үздік тәжірибесін енгізу, сондай-ақ заманауи технологияны, оның ішінде жасанды интеллектінің әлеуетін белсенді түрде пайдалану маңызды екенін айтты. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Тоқаев әлемге белгілі кәсіпкермен кездесті
Ауылда 1,2 млн тұрғын жылжымалы кешендерде медициналық көмек алды
Қостанай облысында тауардың шығу тегі туралы жаңа заң жобасы талқыланды
Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Президент жанындағы ең жоғарғы ғылыми ұйым мәртебесін алды
Ержан Максим Дубайда өткен конкурста жеңімпаз атанды
Энергиялық тиімділік саласындағы ынтымақтастық: Қазақстандағы Dena өкілдерімен кездесу өтті
Энергетикалық сусынды көп тұтынған қазақ жігітінің аяқ-қолы ісіп кеткен
Елімізде -27°C-қа дейін күн суытады
Лос-Анджелесте өрт қоюшы күдікті ұсталды
ПАТОЛОГИЯСЫ БАР БАЛАЛАРҒА БІЛІКТІ КӨМЕК
Доллар бағамы тағы көтерілді
Тарихи алтын: Дінмұхаммед Райымқұлов фристайл-акробатикадан жеңімпаз атанды
Қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау – маңызы зор мамандық
Алматыда есептеу құралдары жоқ тұрғындарға суды тұтыну нормалары өзгерді
Енді елімізде дәрі QR-код арқылы беріледі
“Тазалық көрмеген”: Белгілі блогер халыққа қызмет көрсету орталықтарының әжетханасын сынға алды (ФОТО)
Норвегияда рекордты көлемде табиғи газ өндірілді
Ақтауда елді 90 миллион теңге шығынға батырған күдікті ұсталды
Петропавлда үш ер адам тұрғынды қарумен қорқытып, ақша бопсалаған
Антарктидада 2800 метрлік мұз қабаты бұрғыланды
Елдос Сметов әйелімен бірге Лондонға кетті
Президент Нұрлан Сауранбаевты қабылдады
Жұмысшы мамандықтар жылы: елордада қандай іс-шаралар өтеді
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады