Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Мемлекет басшысы әкімдермен және мемлекеттік органдардың басшыларымен кеңес өткізді

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің, мемлекеттік органдар басшыларының, облыстар мен Астана, Алматы, Шымкент қалалары әкімдерінің қатысуымен кеңес өткізді.Жиында ел өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер қарастырылды. Қазақстан халқына Жолдауында айтылған міндеттердің іске асырылуына және Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының орындалуына ерекше назар аударылды. Президент елімізде жан-жақты саяси жаңғыру процесі жүріп жатқанын атап өтті. – Оның бағыт-бағдарын былтыр наурыз айындағы Жолдауда айқындап алдық. Еліміз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Бір жылдың ішінде ауқымды реформаларды жүзеге асырдық. Билік жүйесін жаңа талапқа сай жаңғырту үшін бірнеше саяси науқан өткіздік. Маңызды мәселелерді талқылау үшін Ұлттық құрылтайды құрдық. Мемлекеттігіміздің тұғырын және ел бірлігін нығайтатын жаңа идеологиялық тұжырымдар ұсындық. Наурыз мейрамын жаңаша атап өте бастадық. Республика күнін қайта жаңғырту тарихи қадам болды, – деді Мемлекет басшысы. Президенттің айтуынша, Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалар ел ішінде ғана емес, шетелдерде де талқыланып жатыр. – Біздің болашағымыз – айқын, нақты жоспарымыз бар. Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы – билік институттарын жаңарту жұмысының қорытынды кезеңі. Осылайша, билік жан-жақты реформаларды жалғастыру үшін жаңа сенім мандатына ие болады. Елімізді дамыту жолында тың бастамалар көтеріп, оны табысты жүзеге асыру – басты міндет. Қазір жетістікке мәз болып отыратын заман емес. Жұмысты тың қарқынмен жалғастыру керек, – деді Президент. Мемлекет басшысы қоғамдық тұрақтылықты сақтау мәселесіне баса мән беру керек екенін айтты. – Елімізді дамыту үшін саяси жүйені ғана жаңғырту жеткіліксіз. Реформалар, ең алдымен, қоғамда жаңа саяси мәдениет қалыптастыруы керек. Сонымен бірге жаңа құндылықтарды орнықтыруы қажет. Ең алдымен, ел мүддесіне және әр адамның құқығына басымдық беріледі. Геосаяси ахуал ушыққан кезде мемлекеттің және азаматтардың жауапкершілік жүгі артады. Аңдамай айтылған бір ауыз сөз, ойланбай қабылданған бір шешім елге зардабын тигізуі мүмкін. Әрине, мемлекет сөз бостандығына кепілдік береді. Әркімнің қалауынша қарекет жасауына мүмкіндік бар. Бірақ бұл бассыздыққа жол беру деген сөз емес. Әрбір азамат елдің тыныштығын және оның аумақтық тұтастығын сақтауға қатысты заң талаптарын мүлтіксіз орындауға міндетті. Заң мен тәртіп бар жерде тұрақтылық болады. Бұл қағида – барлығына ортақ, – деді Президент. Мемлекет басшысы халқымыздың ұлттық бірегейлігі мен бірлігін нығайту маңызды міндет екенін айтты. – Соңғы кезде бір аймаққа ғана белгілі адамдарға ескерткіш орнату сәнге айналды. Жергілікті ономастика комиссиялары бұған жол бермеуге тиіс. Орынсыз шешімдерге Республикалық комиссия тосқауыл қоюы керек. Әркім өз бабасына ескерткіш қоя берсе, елде рушылдық, жершілдік белең алады. Осыған назар аударыңыздар. Кеңестік кезең қайраткерлеріне, соның ішінде жаппай қуғын-сүргінге тікелей қатысы бар адамдарға ескерткіш, бюст орнату ісі әлі жалғасып келеді. Өмірде болмаған ерлік істерге толы өмірбаяндар ойдан құрастырылып жатыр. Олар туралы деректер архив құжаттарында нақтыланбаған немесе мүлде жоқ. Кейбір белсенді топтар азаматтарымызды кеңестік кезеңдегі партия және мемлекет қайраткерлерінің аңызға бергісіз өмірбаяндарына сенуге мәжбүрлеп жүр, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Этносаралық қарым-қатынас мәселесі әрдайым өзекті болып қала береді. – Этносаралық келісімді нығайту – еліміздің тұрақты дамуының негізі. Бұл маңызды міндетті жүзеге асыру үшін орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті билік, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясы мен жалпы азаматтық қоғам күш біріктіруі қажет, – деді Президент. Сонымен қатар Мемлекет басшысы рухани құндылықтарымызды сақтау маңызды екеніне назар аударды. – Халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды. Оның ғылыми-теориялық негізін дамыту қажет. Өскелең ұрпақтың рухани тәрбиесін назардан тыс қалдыруға болмайды. Шын мәнінде, бұл – өте маңызды мәселе. Оны бетімен жіберсек, ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін. Әкімдерге құзырлы органдармен бірлесіп, дін саласындағы жұмысты жандандыруды тапсырамын, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Президент халықтың тұрмыс сапасын арттыру Үкімет пен облыс әкімдерінің ең басты міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Мемлекет басшысы азаматтарымыз елімізде оң өзгеріс болып жатқанын сезінуі қажеттігіне тоқталды. Ол үшін игі бастамалардың мән-маңызын халыққа ұдайы айтып отырған жөн. – Біз тұрақсыздыққа апаратын әрекеттерге жол бермейміз. Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу қажет. Елге іріткі салып, қоғамдық тәртіпті бұзуға шақырған адамдар қатаң жазаланады. Арандатуға қарсы күрес заң аясында, жедел әрі жүйелі түрде жүргізілуі керек. Тиісті заңдарымыз бар, оларды қатаң сақтауымыз керек. Әйтпесе әрекетсіздіктің салдары еліміз үшін өте қауіпті болуы мүмкін. Мен бірнеше рет айтқанымдай, бізге, ең алдымен, заң үстемдігі аса қажет. Заң сақталса және азаматтық жауапкершілік жоғары болса, қоғамда тәртіп болады. Тұрақтылық бар жерде ғана даму, өркендеу болады. Ел бірлігі – реформаларды табысты жүзеге асырудың басты кепілі. Сондықтан ырысты ынтымақпен білек сыбана жұмыс істеуіміз қажет. Мемлекетті жан-жақты жаңғыртуға қатысты жұмыс болашақта жалғасын табады. Осы орайда мен бірқатар тың бастамаларды ойластырып жатырмын. Оны сайлаудан кейін жария етемін, – деп Президент сөзін қорытындылады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдер мен мемлекеттік органдар басшыларына азаматтармен өзара байланысты күшейтуді, кездесулер мен жеке қабылдаулар өткізуді тапсырды. Кеңес барысында Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев және Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов сөз сөйледі.

Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
  • Massaget
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
  • sn.kz
  Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды

“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
  • Massaget
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
  • Massaget
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
  • Massaget
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
  • baq.kz
  Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
  • aikyn
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
  • baq.kz
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
  • sn.kz
  Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
  • aikyn
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
  • Massaget
  «Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
  • aikyn
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
  • Massaget
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
  • el.kz
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
  • aqshamnews
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
  • baq.kz
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
  • baq.kz
Парламент президентке импичмент жариялады
Парламент президентке импичмент жариялады
  • aqshamnews
Футбол алаңынан саясат алаңына
Футбол алаңынан саясат алаңына
  • aqshamnews
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
  • Massaget
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
  • sn.kz
Магический разбор выходных
Магический разбор выходных
  • Smi24
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
Қуат Хамитов Нұрберген Шәріппен күресіп, әзер жеңді (ВИДЕО)
  • 1bol.kz
Әскери қызметші әлем чемпионы атанды
Әскери қызметші әлем чемпионы атанды
  • el.kz
Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы матчта төрт шайба соғылды
Қазақстан мен әлем құрамасы арасындағы матчта төрт шайба соғылды
  • penalty
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
Грузияда бұрынғы футболшы президент атанды
  • sn.kz
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
Дзюдодағы "юко" ұпайы қайтарылады
  • penalty
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
Боксшы Садриддин Ахмедов АҚШ-та жарқын жеңіске жетті (ВИДЕО)
  • penalty
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
Президент бюджеттік түзетулерді бекітті
  • turkystan
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды: 14 желтоқсан 2024, 12:32 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елде полиция күшейтілген режимге көшті: 14 желтоқсан 2024, 10:54 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тоқаев энергетиктерді марапаттады: 13 желтоқсан 2024, 15:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Президент әкесі Кемел Тоқаев атындағы мектепке барды: 13 желтоқсан 2024, 13:13 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
Қазақстанда мереке күндері қарсаңында қосымша рейстер ашылады: тізім: 13 желтоқсан 2024, 10:06 - жаңалықтар Tengritravel.kz
  • TengriNews
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Instagram-да қазақстандық музыка жоғалып кетті: Әділет министрлігі мен Meta келіссөздері: 06 желтоқсан 2024, 15:15 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу: не белгілі?: 04 желтоқсан 2024, 14:51 - жаңалықтар Tengrinews.kz
  • TengriNews
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
+7 (000). Қазақстан мен Ресей келісімге қол қойды: 28 қараша 2024, 12:32 - мақалалар Tengrinews.kz
  • TengriNews
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
«50 мың доллардың үйінде тұрғысы келмейді»: Айдарбекова Жұлдыздың жақсы жағдайға әбден үйренгенін айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
Майкл Джексонның жария етілмеген 12 әні жазылған кассеталар табылды
  • sn.kz
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
«25 жылдан бері күресіп келемін»: Баян Алагөзова дертті болғанын айтты (ВИДЕО)
  • sn.kz
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
  • el.kz
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
Қарағандыда жабылған жол учаскелерінде жүздеген көлік кептелісте тұрып қалды
  • turkystan
Астанада пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды
Астанада пәтерде қамалып қалған екі жасар бала құтқарылды
  • turkystan
Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды