Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев барша Қазақстан халқын Амал мерекесімен құттықтады. Президент көктемнің лебі ескен, ұлттық құндылыққа толы бұл мерекені құт пен бақ-берекенің бастауына балап, бауырмалдықтың көрінісі ретінде бағалады.Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Барша Қазақстан халқын бүгінгі Амал мерекесімен құттықтаймын! Көктемнің алғашқы лебін ала келетін бұл күнді жұртшылық ежелден асыға күткен. Елдік пен ынтымаққа шақыратын осы мейрам – ұлтымыздың бауырмалдық салтының жарқын көрінісі. Жыл берекелі болсын, ағайын!