Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады. Кездесуде атқарылған жұмысты баяндап, орталықты дамыту жоспарын таныстырды. Қазір орталықта 2600-ден астам компания тіркелген. Қабылдауда Президент Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Ренат БЕКТҰРОВ, «АСТАНА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРУШЫСЫ: Орталық Азия, Шығыс Еуропа аумағында біздің орталығымыз Жасыл қаржы бойынша бірінші орынды алып отыр. Айта кететін бұл жақын арада Қазақстан даму банкін өзін алғашқы жасыл еуробонттарын 100 млрд теңге сомасында ұсынды. Яғни, 100 млрд инвестиция тартты банкке. Бұл да біздің орталығымыздың қатысуымен жасалды.