Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзірет Сұлтан мешітіне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне барып, Қазақстан мұсылмандарын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. Сонымен қатар құран оқытылып, Мемлекет басшысының атынан құрбандық шалынды», - деп жазды Ақорданың әлеуметтік желідегі ресми парақшасы.