Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады

Президентке бір жыл ішінде балалардың құқықтарын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берілді.Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау бағытында қабылданған заңнамалық өзгерістердің нәтижесінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары күшейтілгенін және балаларға қатысты зорлықтың кез келген түріне жаза қатаңдатылғанын атап өтті. Заңға Бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен азаматтық қоғам секторы бірлесе ұсынған нормалар топтамасы енді. Динара Зәкиеваның айтуынша, қазір аталған заңнамалық нормаларды нақты жүзеге асыру үшін белсенді жұмыс жүргізілуде. Атап айтқанда, "111" бірыңғай байланыс жүйесі іске қосылды. Сондай-ақ мектептерде буллингпен күресу үшін КiVa бағдарламасы және 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап қауіпсіздік сабақтары енгізіледі. Балаларға арналған медициналық-әлеуметтік мекемелердің қызметкерлері үшін арнайы оқу курсы басталады. Қорғаншылық және қамқоршылық органдарын күшейту мәселесі пысықталып жатыр. Бұдан бөлек, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорымен, сондай-ақ "Қазақстан халқына" және "Қамқорлық" қорларымен серіктестік негізде 6 аутизм орталығы, 11 өңірлік оңалту орталығы ашылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағанды облысында 13 қап марихуана тәркіленді
Капот астын өз бетіңше жууға бола ма? Сарапшы жауап берді
50 млн теңге: Жеті баланың анасы алаяқтық жасады деген күдікке ілінді
Пиротехниканың қауіптілігі туралы ТЖМ құтқарушылары айтып берді
Қазақстанда автовокзалдар мен автостанцияларға және жолаушылар тасымалы бойынша талаптар белгіленді
Қытай мен Өзбекстан Қырғызстан арқылы Қазақстанды айналып өтетін теміржол салады
Ескі жылдары шығарылған долларды айырбастау орындары қабылдамай жатыр — Ұлттық банк жауап берді
Қазақстандықтарды зейнетақы жинақтарын жарнамалар арқылы делдалдарға сеніп тапсырмауға шақырды
БЖЗҚ азаматтарды күмәнді делдалдық қызметтерден сақ болуға шақырады
Рикардо Кака: Эмоциясыз жақсы нәтиже көрсету мүмкін емес
Құдайдың ерекше сыйы
Түркияда тікұшақ ауруханаға соғылды
Александр Усик титулдарын қорғап қалды
Жедел жәрдем қызметкері соққыға жығылды
Адам кез-келген қиындықты жеңе алады
«Жаман жолға түспеңдер!»: Cарбаздарын үйіне шығарып салған сержантқа көпшілік риза болды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында екі балықшы жоғалып кеткен
Хоккейден жастар құрамасы ірі есеппен жеңіске жетті
“Жеңіске аз қалды“. Сәби сүйе алмай жүрген блогер жаңалығын айтты
"AMANAT" партиясының депутаты өрттен кейін баспанасыз қалған көпбалалы отбасына көмектесті
Оралда жолаушылар автобусы отқа оранды
Железин ауданының 24 отбасына жаңа пәтерлердің кілттері табысталды
Танымал блогер Мысыр пирамидаларын мың сағатқа жалға алды
Оралда автобус өртеніп кете жаздады