Мемлекет басшысы «Батыл тойтарыс-2023» әскери оқу-жаттығу жиынына барды

Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен «Жағалау» оқу-жаттығу полигонында «Батыл тойтарыс-2023» стратегиялық командалық-штабтық әскери оқу-жаттығу жиыны өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев оқу-жаттығу жиынын бақылау мұнарасынан тамашалады. Әскери әдіс-тәсілдер көрсетер алдында Мемлекет басшысына генерал-майорлар Болат Жорабаев пен Алмаз Жұмакеев қорғаныс операциясы кезіндегі Арнаулы операциялар күштері мен Десанттық-шабуылдау әскерлерінің әрекеті жөнінде баяндады. Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадалық-тактикалық топтары авиацияның қолдауымен, сондай-ақ Құрлық әскерлері және Арнаулы операциялар күштерінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, судан өту арқылы қарсы жағалаудағы жау шебін басып алу үшін тактикалық іс-қимыл жүргізді. Ал Арнаулы операциялар күштері мен Ұлттық ұлан бөлімшелері шартты жау қолына өткен Қапшағай ГЭС-ін азат етті. Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері техногендік апат салдарын жоюмен айналысып, халыққа гуманитарлық көмек көрсету міндетін атқарды. Қарулы Күштердің Бас штабы әзірлеген бірыңғай жоспар мен мақсатқа сәйкес әскерлер оқу-жаттығу жиыны өтетін аудандарға стратегиялық тұрғыда қайта топтастырылды. Атап айтқанда, Әскери-теңіз күштері авиацияның және Арнаулы операциялар күштерінің қолдауымен Каспий теңізі акваториясындағы экономикалық қызмет нысандарының қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Алматы, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстарындағы полигондарда да осындай оқу-жауынгерлік міндеттер орындалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қарағандыда лудоман 14 млн теңге ұрлап, құмар ойынға салып жіберген
Футболдан 2030 жылғы әлем чемпионаты бірден үш құрлықтан өтеді
Бүгін Алаштың абызы Ақселеу Сейдімбектің туған күні
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Доллар тағы қымбаттады
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
Республикалық автожолдардағы ауа райы туралы мәлімет жарияланды
№29 қалалық емханада аудиологиялық скринингтің кабинет ашылды
Алатауды әуелеткен күй ғұмыр
Қазақ циркінің жұлдыздары халықаралық фестивальде Алтын жүлде иеленді
Қазақстанда жауапсыз жұмыс берушілердің тізімі пайда болады
Алматыда Тәуелсіздік күні қандай іс-шаралар өтеді
Көз жанарының сақшысы
Алматыда «Наркостоп» жобасының 2024 жылғы қорытындысы жасалды
Алматы әуежайы жаңа тарифтерді жариялады
Трамп Си Цзиньпинді инаугурациясына шақырды
Қазақстанда цифрлық техника бағасы аспанға ұшты
Амилай қамауға алынды