Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бизнес жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңға қол қойды.Заң бизнес субъектілеріне қатысты мемлекеттік бақылау мен қадағалау формаларын ретке келтіруге, бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартуға бағытталған.Нақтырақ айтқанда, салалық заңдар деңгейінде жедел ден қою шараларын қолдану, тергеу жүргізу тетіктері, бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау жүргізу тәртібі айқындалды.Бірнеше салада бизнесті жүргізу жағдайларын жақсартатын өзгерістер мен толықтырулар, соның ішінде– балық шаруашылығында ауыл шаруашылығы мақсатындағы перспективалы жер учаскелерінде балықты жасанды жолмен өсіру мүмкіндігін қарастыратын;– өсімдіктер карантиніне байланысты карантинге жатқызылған өнімнің орнын ауыстыруға әкімшілік жүктемені азайтуды; (фитосанитариялық сертификаттың күшін жоюды);– өнеркәсіп саласында отандық өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарын өз елімізде шығатын шикізатпен қамтамасыз етуді:– мұнай-газ саласында шикі мұнайдан қайта өңделген өнімдердің шығу тегін растайтын құжаттар тізбесін нақтылауды;– қаржы нарығында банктермен өзара іс-қимыл жасау кезінде бизнес үшін рәсімдерді жеңілдетуді;– заңды тұлғаларды тіркеу кезінде заңды тұлғалар мен олардың филиалдарын және т.б. мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетудің электрондық форматына ауыстыруды көздейтін бірқатар түзету енгізілді.Аталған шаралар кәсіпкерлікпен айналысу үшін қолайлы жағдай туғызуға, жүргізілетін тексерулердің ашықтығын, сондай-ақ тұтынушылар, кәсіпкерлік субъектілері және мемлекет мүдделері арасындағы теңгерімді қамтамасыз етуге арналған.Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.