Мемлекет басшысы БҚО-дағы су тасқынына байланысты жедел штабтың отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен төтенше жағдай жөніндегі жедел штабтың отырысы өтті.– Қазір тиісті мекемелердің бәрі белсенді түрде жұмыс істеп жатыр. Бірқатар аймақты қарғын су басып қалды. Кейбір жерде тасқын су көтеріліп жатыр. Бұл – табиғи апат. Қысқасы, алдымызда тұрған жұмыс өте ауқымды. Бәріміз бір ел, бір ұжым болып осы апатты еңсеруіміз керек. Басқа жол жоқ. Тасқын судың салдарын жою үшін нақты шаралар қолға алынды. Қауіп-қатердің алдын алу жұмыстары атқарылуда. Менің тапсырмам бойынша облыстардың әкімдері жұмысқа белсенді кірісті, – деді Президент. Мемлекет басшысы су тасқынына қатысты жағдай әлі де өте күрделі екенін атап өтіп, мұндай көлемдегі тасқынның бұрын-соңды болмағанына назар аударды. Оның айтуынша, осыған ұқсас жағдай 1994 жылы болған. Алайда қазіргі су тасқыны одан әлдеқайда ауқымды. – Мен зардап шеккен аудандарды аралап шықтым. Апаттың ауқымын, шығынды көріп отырмын. Қаншама дүние-мүлік, электр желілері судың астында қалды. Жолдар мен көпірлер шайылып кетті. Барлық негізгі мәселе шешілгеннен кейінгі ең басты міндет – қайта қалпына келтіру. Үкіметке жаңа типтегі үйлер салу немесе бұрыннан бар үйлерді реконструкциялау жөнінде арнайы жоспар әзірлеуді тапсырдым. Бұл мәселені оңтайлы шешеміз деп ойлаймын. Ахуалдың ауыр екенін бұған дейін де айттым. Үкіметтің, Республикалық штабтың жетекшілігімен облыс әкімдері бұл міндетті дұрыс атқарады деп санаймын, – деді Президент.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Жібек жолы» туристік пойызы Шымкентке келді
Алматыда Рождество мерекесіне арналған діни рәсімдер қашан өтеді?
«Тұранның» басшылығы ауысуы мүмкін
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Мемлекет басшысы QazSwimAcademy спорт орталығының жұмысымен танысты
Алматыда жаңа жылдық мереке күндері  қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етті?
Мемлекет әлеуметтік міндеттемелерді толық көлемде орындауда
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Қазақстандық паспорт саны рекордқа жетті
55 мыңнан астам адам жауапкершілікке тартылды
Дариға Назарбаеваның басы дауға қалды
Түркістан облысының әкімі тағайындалды
Биыл теңге бағамы қандай болмақ?
Алматыда 2025 жылы жылу және электрмен жабдықтау желілерін ауқымды жаңғырту жоспарланып отыр
Қазақстанда тағам жеткізушілерге талап күшейеді
Бюджет қаржысын жымқырғандар сегіз жылға сотталды
Ұлттық ұланда жаңа оқу жылы басталды
Қазақстан халқының саны туралы мәлімет жаңарды
Мәжіліс депутаты жаңа дәрігерлік амбулаторияның жұмысына баға берді
Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тағы сот үкімі шықты
Президент электровоз құрастыру зауытының жұмысымен танысты