Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы шабуылдарға байланысты Ресей президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Қазақстан құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді. Айта кетейік, кеше көрші елде белгісіз біреулер синагога мен шіркеуге, жол полициясы бекетіне оқ жаудырған. Салдарынан 15 полиция қызметкері, 3 бейбіт тұрғын және діни қызметкер лаңкестік әрекеттердің құрбаны болды. Құқық қорғау органдары 4 содырдың көзін жойып, екеуін тұтқындаған. Қазір террористік акт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ, елде үш күндік қаралы күн жарияланды. Аза тұту күндері республиканың барлық аумағында мемлекеттік ту түсіріліп, мәдени мекемелер мен барлық ойын-сауық шаралары тоқтатады. Сергей МЕЛИКОВ, ДАҒЫСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:Дәл қазір Макачкала мен Дербент қалаларындағы қарулы операция тоқтады. Жағдай толық бақылауда. Бұл қайғылы оқиғаға қатысы бар барлық кінәлілер тұтқындалғанша біз жұмысты жалғастырамыз. Ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшілері шетелде болуы мүмкін. Ешкім жазасыз қалмайды.