Мемлекет басшысы ЕҚЫҰ Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді Астана әуежайында қарсы алды. Бүгін Мемлекеттер басшылары екіжақты кездесу өткізіп, екі ел арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды.Ал таңертең Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Хельга Шмидпен кездесті. Мәртебелі мейман Астана халықаралық форумына қатысуға келген. Мемлекет басшысы Хельга Шмидке алғыс айтып, аталған форум Батыс пен Шығыс арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін жаңа алаң екенін атап өтті. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Сіз бастап келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының делегациясы осы форумда көптеген түйткілді мәселелердің оң шешілуіне елеулі үлес қосады деп санаймын. Өкінішке қарай, қазір әлемде ондай проблемалар бар. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ынтымақтастықты нығайту Қазақстан үшін басым бағыт саналады. Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады. 2010 жылы Астанада өткен саммиттен кейін министерлер деңгейінде де, басқа форматта да бірде-бір ресми құжат қабылданған жоқ. Әрине, бұл – алаңдатарлық жайт. Біз ұйым аясындағы байланыстарды нығайту қажет екеніне бұрынғыдай кәміл сенеміз. Кездесуде Қазақстан мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен оның даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ аймақтық және жаһандық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер қарастырылды. Хельга ШМИД, ЕҚЫҰ БАС ХАТШЫСЫ: Қазір күрделі кезең деп ойлаймын. Қиындықтарға қарамастан, ЕҚЫҰ бірегей диалог алаңы ретінде қызметін жалғастыра береді. Сондай-ақ Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымындағы белсенді рөлін оң бағалаймын. Қазір мәмілеге келу үшін бір-біріміздің пікірімізге құлақ асу өте маңызды деп ойлаймын. Президент бүгін сондай-ақ, Shell компаниясының басшысы Уаэль Сауанды, ЮНЕСКО-ның Бас директоры Одрэ Азулені, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Президенті Маргарета Седерфельті қабылдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Гемоглобині 61-ге дейін азайған»: Шымкенттен Астанаға ұшқан 20 жастағы бойжеткен ұшақ ішінде талып қалды
Депутат астаналық кәсіпкерлер көшелерді тазаламайтынына шағымданды
Тоқаев Ұлытау облысының әкімі Рыспековке бірқатар тапсырма берді
Алматының арулары дәстүрлі ерлер кәсіптерінде табысқа жетуге қалай жол ашады?
Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда жаңа Су кодексінің жобасын қабылдады
Гүл саудасы қызып тұр
Бүгін «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасына өтініш қабылдау басталады
AUYL SPORT: Ауыл спортының дамуына арналған маңызды әріптестік
Қазақстанда 30 мың ШОБ жобасына 1,7 трлн теңгеге қолдау көрсетіледі
Елордалық спортшылар Парижде өткен әлем чемпионатында күміс жүлдегер атанды
Қазыбек Нөгербек Францияда өткен турнирде қола жүлде иеленді
Жалғызтал ауылы тұрғындары спиртті ішімдіктерден бас тартты
Берлин Ратушасына ту тіккен Кенжебай Мәденов туралы не білеміз?
Алматыда фристайлдан FIS Әлем Кубогының кезеңі қорытындыланды
Алматыда заңсыз көше саудасына қарсы жаппай тазарту жүргізілуде
Алматыда 2 мыңнан астам мопед тіркелді
2 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 95 % - ға артады
Алматылық дәрігер ұшақта есінен танып қалған студенттің өмірін сақтап қалды
Алматыда «Ұлы дала ойыны» фотокөрмесі ашылды
Сирек кездесетін ауруларға шалдыққан балаларды қолдайтын кітап шықты
«Алдап, қарызға батырып жатыр». Депутат зейнеткерлердің несиесін кешіруді ұсынды
Алматыда «Үздік коммуналдық қызметкер» байқауы басталады
Ел азаматтары қосымша құн салығын қашаннан бастап төлейтіні белгілі болды
Ақылы жолдарда кімдер тегін жүре алады