Мемлекет басшысы еліміздегі су тасқынына байланысты шұғыл кеңес өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқыны салдарынан туындаған төтенше жағдайға байланысты шұғыл кеңес өткізді.Жиынға Премьер-Министр Олжас Бектенов, Үкімет мүшелері, Президент Әкімшілігінің басшылығы және басқа да лауазымды тұлғалар қатысты.Мемлекет басшысына аймақтардағы қазіргі қалыптасқан ахуал туралы, атап айтқанда, адамдарды құтқару және су тасқынының салдарын жою үшін қабылданып жатқан шаралар жөнінде баяндалды.Президент Үкімет пен әкімдердің жұмысын немқұрайлы және кәсіби міндетіне сәйкес келмейді деп сынға алды. Оның айтуынша, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арасында жүйелі байланыс болмаған. Қасым-Жомарт Тоқаев зардап шеккен өңірлер тұрғындарына үлкен көлемде шығын келуіне байланысты өкініш білдірді. Мемлекет басшысы қалыптасқан жағдайға байланысты кешірім сұрап, барлық азаматқа көмек көрсетілетінін айтты.Жиын барысында Президент су тасқынына қарсы уақытылы шара қабылдамағаны үшін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовке қатаң сөгіс, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс және қызметтік міндеттеріне толық сай келмеуіне байланысты ескерту берді. Ал Атырау, Ақмола, Алматы, Павлодар және Абай облыстарының әкімдеріне қатаң сөгіс жарияланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Жол жабылып, рейстер тоқтатылуы мүмкін: Астанада қалың қар жауып, боран соғады
Қарағандыда жеке клиникаға ота жасатуға барған ер адам көз жұмды
Қазақстан мен Өзбекстан Сырдариядағы су көлемін есепке алуды автоматтандыру жөнінде келісімге келді
Қарағанды облысында ауыл мешіті жанып кетті
Түркістан облысының полициясы 24 қылмыстық топты ұстады
Түркістан облысында полиция 24 қылмыстық топты ұстады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістан облысында қолайсыз ауа райына байланысты жолдарда шектеулер енгізілді
Шымкент: Тұран ауданында абаттандыру бойынша 40 жоба жүзеге асырылды
Астанада 1 200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Қостанайда жедел жәрдем көлігі қар құрсауында қалып қойған
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова салмақ тастау әдісімен бөлісті (ВИДЕО)
11 келіге арықтадым. Айжұлдыз Адайбекова артық салмақтан қалай құтылған (ВИДЕО)
«Пікірімді ешкім сұраған жоқ»: Черчесов отставка туралы айтты
Ресейде Қазақстанның 9 азаматы ірі жол апатына түсіп, екеуі қаза тапты
Қазақстан мен Өзбекстан Сыртқы істер министрлері телефон арқылы сөйлесті
Астанада 1200-ден астам техника көшелерді қардан тазалап жатыр
Бурабайда 2024 жылы демалған туристер саны бір миллионнан асады
Атырауда жанармай бекетінде көлік өртенді
Түркістандық жол сақшылары жүргізушілерді мұқият болуға шақырды
Астанада он алтыншы «жайлы мектеп» ашылды (ВИДЕО)