Мемлекет басшысы ФИФА президенті Джанни Инфантиноны қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық футбол федерациясының президенті Джанни Инфантиноны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.Кездесу барысында Қазақстан футболының әлеуетін арттыру, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер спортын дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев Джанни Инфантиноны ФИФА президенті лауазымына қайта сайлануымен құттықтап, бүкіл әлемде, сондай-ақ елімізде футболдың дамуына қосқан өлшеусіз үлесі үшін алғыс айтты. Мемлекет басшысы ФИФА-мен арадағы ынтымақтастықты кеңейту перспективасына жоғары баға берді.«Сіздің сапарыңыз Қазақстан футболын дамыту тұрғысынан өте маңызды деп санаймын. Әлемде ең танымал спорт саналатын футболды дамытуда ауқымды іс атқарып жатқаныңызды білемін. Сіздің еңбегіңізді құрметтейміз және ФИФА президенті ретінде қолдаймыз. Біз ФИФА-мен және жеке өзіңізбен ынтымақтастықты нығайта түсуге дайынбыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысының айтуынша, Қазақстанда 1 миллионнан астам адам футболмен жүйелі түрде шұғылданады. Бүгінде еліміздің барлық аймағында 17 футбол орталығы және 2 академия жұмыс істейді. Онда 7 мыңнан астам бала жаттығады.Джанни Инфинтино ФИФА-ның үздік халықаралық тәжірибесін бөлісуге және Қазақстандағы футболдың дамуына атсалысуға дайын екенін айтты. «Еліңізге бірнеше рет келгенмін, бірақ ФИФА президенті ретінде алғаш рет келіп тұрмын. Осы себепке орай сізбен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Бұл тамаша елдегі әрбір футбол жанкүйері сияқты Сіз де футболды ұнататыныңызды білемін. Біз бірлесе отырып, көптеген ауқымды істерді атқара аламыз. Қазақстан тек аймақта ғана емес, әлемдік деңгейдегі өте маңызды елге айналды. Қазақстан – ФИФА үшін сенімді серіктес. Біз бірге жұмыс істеуміз қажет. Себебі осы елдегі, сондай-ақ басқа елдердегі қоғамды футбол арқылы біріктіру үшін мүмкіндік мол», - деді Джанни Инфантино. Бұған дейін хабарлағанымыздай, ФИФА президенті Джанни Инфантино Қазақстанға жұмыс сапарымен келді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Қазақстан Первый канал кубогында үшінші ойынын өткізді
Бүгін еліміздің бірнеше өңірінде қар жауып, көктайғақ болады
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Қазақ бапкерлері мен төрешілері Әбу-Дабидегі джиу-джитсуды дамыту бағдарламасына қатысты