Мемлекет басшысы Footlab футбол орталығына барды

Президенттің Алматы қаласына жұмыс сапары Footlab футбол орталығының қызметімен танысудан басталды.Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа орталықтың пилоттық режимде жұмыс істей бастағаны туралы мәлімет берілді. Мұнда қазір жоғары білікті 8 бапкер 50 баланы жаттықтырып жатыр. «Smart Football» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылтайшысы Мұрат Медеуовтің айтуынша, футбол академиясында 5 жастан 12 жасқа дейінгі 1000-ға жуық баланы жаттықтыру жоспарланған. Footlab – спортсүйер қауымға, отбасылық демалысқа, балалар мен ересектер арасында турнирлер өткізуге арналған интерактивті футбол алаңы. Алматыдағы Footlab орталығы Португалияның франшизасын алған. Оның бас кеңсесі Лиссабонда орналасқан. Аталған жобаны танымал португал футболшылары Руй Кошта мен Криштиану Роналду 7EGEND инновациялық компаниясымен бірлесіп жасаған. Бүгінде Footlab франшизасы әлемнің 60-тан астам еліне сатылған. Бұл орталық Лиссабон мен Дубайдан кейін үшінші болып, Алматыда ашылды. Жобаға 1,5 миллиард теңгеден астам жеке инвестиция салынған. Орталықтың биыл 50 мыңнан астам адам қабылдау, сондай-ақ спорт пен салауатты өмір салтын насихаттау үшін Алматы қаласының оқушылары арасында турнир өткізу жоспары бар. Инвесторлар еліміздің барлық өңірінде осындай орталықтар желісін ашуды көздеп отыр. Президент балаларға арналған спорт жобасын дамыту үшін жауапты органдарға жер телімін бөлу мәселесінде жәрдем көрсетуді тапсырды және Астанада осындай футбол орталығын салу туралы бастаманы қолдады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қыс көріністері…
Рыбакина жаңа маусымды жаңа бапкермен бастайды
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
2025 жылы туристер үшін ең қауіпсіз болатын 7 ел
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жас мерейтойына арналған салтанатты концерт өтті
Екі облыста жол жабылды
Қазақстандағы инклюзивті қоғам: даму жолдары мен болашағы
«Мамандығым – бухгалтер»: әнші Сырым Исабаев он жыл бойы сахнаға неге шықпағанын айтты
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Шығыстағы шалғай ауылдарға шағын мектептер салынады
Доллардың бүгінгі бағамы
Екібастұзда этнос өкілі оқушыларға музыка арқылы қазақ тілін үйретіп жүр
16 желтоқсанда бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Кибершабуылдарды талдау орталығы мәлімдеме жасады
Талғардағы трагедия: КШТТО «ботофермаға» қатысты мәлімдеме жасады
Қазақстан шорт-тректен Сеулде өткен World Tour кезеңінде бесінші орынға ие болды
Нұрқожа Қайпанов әлемдік рейтингте үздіктер қатарына қосылды
Англияда үйде оқитын балалардың саны 111 мыңнан асқан
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Алматыдан 712 шақырым қашықтықта жер сілкінді